ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Қонақ дәріс: «Биоалуантүрлілікті сақтау

2025 жылғы 13 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ғылыми ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.

Дәріс «Орман шаруашылығы, аңшылықтану және аквакультура» кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараға кафедраның келесі оқытушылары қатысты:

  • Копабаева А.А. – кафедра меңгерушісі

  • Байбатшанов М.Қ. – қауымдастырылған профессор

  • Жұбанышова А.Т., Жорабекова Ж.Т., Нұрлаби А. – аға оқытушылар

  • Әбдібек Ә.Е., Сламбаева А.Б. – ассистенттер

Сонымен қатар дәріске 2–3 курс студенттері белсенді қатысып, табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық мәдениетті дамытуға қатысты маңызды мәліметтер мен пайдалы тәжірибе алды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник