28 қазанда 8D081 Өсімдік шаруашылығы даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғаулар өтті
2025 жылғы 28 қазанда сағат 11:00-де және 14:30-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 –Агрономия; 6D080900 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 – Агрономия; 8D08103 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы; 8D08113 Өсімдіктер селекциясы білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Сембаева Айзада Сансызбаевнаның «Тамшылатып суаруды қолдана отырып дәндік жүгерінің интенсивті будандарын өсіруде суару және минералды заттармен қоректену режимдерін оңтайландыру» тақырыбында және Абилдаева Джылдыз Бакаевнаның «Қазақстанның оңтүстік –шығыс жағдайында ас бұршақтың жаңа сорттарының сорттық технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы 6D080100/8D08101 – Агрономия мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғаулары өтті.
8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №9, 10 хаттамалары негізінде Сембаева Айзада Сансызбаевнаға және Абилдаева Джылдыз Бакаевнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.
философии (PhD).

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

