Ветеринария саласындағы жаңа серіктестік – табысты болашаққа жол!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ветеринария және зооинженерия факультеті саланың жетекші ұйымдарымен өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуда.
Факультет деканы Асылбек Майлыбайұлы, практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің жетекші маманы Гүлбарам Сағымжанқызы және эдвайзер Дана Бектасқызы «Алматы қалалық ветеринариялық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығымен нәтижелі кездесу өткізді.
Кездесу барысында тағылымдамалық бағдарламаларды жетілдіру, серіктестік бағыттарын кеңейту және студенттердің кәсіби тәжірибесін арттыру мәселелері талқыланды. Тараптар жастардың практикалық білімін дамытуға бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын қабылдады.
Университет атынан мекеме басшысы Қанат Кәкенұлына және ветеринария бөлімінің басшысы Жомарт Әуесханұлына ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.
Сонымен қатар факультет өкілдері студенттер өндірістік тәжірибеден өтетін бірқатар жетекші мекемелерде болды. Олардың қатарында:
-
«Генофонд» ғылыми-өндірістік орталығы,
-
«АқСүт» ЖШС,
-
«Алель Агро» АҚ,
-
Алматы хайуанаттар бағы,
-
Қалалық ветеринариялық клиникалар мен дәріханалар бар.
Бұл серіктестік – қағаз жүзіндегі келісім емес, нақты нәтижеге бағытталған ортақ еңбек.
Болашақ ветеринар мамандардың кәсіби өсіп, тәжірибесін арттыру – факультеттің басты мақсаты!
.jpeg)
