ҚазҰАЗУ

ҚАЗҰАЗУ-ДЕ АШЫҚ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ

2025 жылдың 23 қазан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агробиология» факультетінде, «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Грандваль–Ляж әдісі бойынша нитратты азоттың мөлшерін анықтау» тақырыбында зертханалық ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.

Сабақ барысында студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, топырақтағы нитратты азот мөлшерін анықтау әдістемесін тәжірибе жүзінде орындады.

Агрохимиялық талдаудың ауыл шаруашылығында маңызы ерекше екені атап өтілді. Мұндай зерттеулер тыңайтқыштарды тиімді пайдалануға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға және топырақ құнарлылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Ашық сабақ студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, зертханалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге зор үлес қосты.

Сабақты өткізген оқытушы – Василина Турсынай Кажымуратовна.

​​​​​​​

---------Chatbot---------
виртуальный помощник