ҚазҰАЗУ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер арасында «Күзгі кросс» жарысы өтті

2025 жылдың 4 қазан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің стадионында профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында дәстүрлі «Күзгі кросс» жарысы өтті. Іс-шара «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының ұйымдастыруымен және Кәсіподақ ұйымының қолдауымен өткізілді.

Бұл спорттық шараға біздің «ТИАШМИИ» ҰЗУ филиалы да белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Филиал атынан сынға түскен оқытушымыз мықты дайындығы мен табандылығының арқасында жалпы нәтиже бойынша III орынды иеленді.

Бұл жетістік – филиал ұжымының спортқа деген қызығушылығы мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы белсенділігінің айқын көрінісі.

Жеңімпаз оқытушымызды шын жүректен құттықтап, кәсіби және шығармашылық табыстар, зор денсаулық пен жаңа жетістіктер тілейміз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник