ҚазҰАЗУ

Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағында KazNARU мамандарының қатысуымен «Алматының үздік алмасы» акциясы өтті

2025 жылы «Алматының үздік алмасы» атты акция өз жалғасын тауып, Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағында өтті. Аталған шара 2024 жылы алғаш рет Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылған болатын.

Бұл дәстүрдің бастауы KazNARU университетінде қаланған. Кафедра базасында көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан студенттік үйірме аясында аталған бағыттағы практикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл жас мамандар үшін бағбандық саласындағы білімін тереңдетуге және тәжірибелік дағдысын шыңдауға үлкен мүмкіндік болды.

Өткен жылдан бастап акция қалалық деңгейге көтеріліп, «жасырын дәм тату» (соқыр дегустация) форматында өткізілуде. Бұл өз кезегінде шараның беделі мен әділ бағалануының деңгейін арттырды. Дегустация барысында қатысушылар әртүрлі алма сұрыптарының дәмдік сапасын бағалап, тұтынушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрлерін анықтайды.

Осындай бастамалар отандық бау-бақша шаруашылығын дамытуға, сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін насихаттауға және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға зор үлес қосады.

Толығырақ inbusiness.kz

---------Chatbot---------
виртуальный помощник