МҰРАЖАЙ – ТАРИХТЫ КӨРСЕТЕТІН ҚҰНДЫЛЫҚ
Мұражай жас буынға идея алмасу мен мәдени диалог құруға ыңғайлы кеңістік. «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы Ғабит Гүлзат Ғабитқызы МШ-25-01К тобының студенттерімен бірге Алматының төрінде орналасқан «Almaty Museum of Arts» заманауи өнердің жаңа мәдени ордасын тамашалап қайтты. Заманауи үлгідегі мұражайда Орталық Азия, Қазақстан және көршілес елдердің жанры да, көркемдік бағыты да өзгеше түрлі айшықтағы экспонаттар мен өнер туындылары қойылған. Мұражайға саяхат жасау жас буынның үйлесімді дамып ой-өрісінің кеңеюіне, тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.