«Ландшафтық дизайн және көгалдандыру» кафедрасы туралы ақпарат
«Ландшафтық дизайн және көгалдандыру» кафедрасы көгалдандыру, абаттандыру және ландшафтық жобалау саласында еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлайды.
Кафедраның негізгі бағыттары – көгалдандыру және орман шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мен пәндерді оқыту.
Көгалдандыру – бұл аумақтардың экологиялық жағдайын жақсарту, аумақтарды абаттандыру және қолайлы орта қалыптастыру мақсатында өсімдіктер отырғызу мен оларды күтіп-баптау бойынша кешенді жұмыстарды қамтитын сала. Бұл қызмет қалалық та, жеке кеңістікті де қамтиды. Мұнда шаң мен желден қорғау, көлеңке жасау немесе ландшафты әсемдеу сияқты нақты міндеттерді шешу үшін ағаштар, бұталар, гүлдер отырғызу мен газон төсеудің әртүрлі әдістері қолданылады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы:
-
профессор – 1, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы;
-
қауымдастырылған профессор – 1, PhD;
-
аға оқытушылар – 5, PhD;
-
аға оқытушылар – 3, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты;
-
аға оқытушылар – 2, магистр;
-
аға оқытушылар – 2;
-
ассистенттер – 4, магистр;
-
лаборанттар – 2.
Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:
Бакалавриат:
Қазақстан аумағында алғаш рет орман мектебі Ақмола облысының Бурабай жерінде ашылып, онда кәсіби білім алу мүмкіндігі берілді. Кейін ол орман техникумына айналып, бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келеді. 1926 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында екінші техникум ашылды.
Кәсіби орман білімінің үшінші кезеңі 1948 жылға жатады. Сол кезде Қазақ ауыл шаруашылығы институтының (ҚазАШИ) құрамында орман шаруашылығы факультеті ашылды.
Факультеттің негізін қалаушылардың қатарында республика басшылары – Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Ш.Шаяхметов және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.Д.Ұндасынов болды. Соңғысының арнайы орта орман шаруашылығы білімі болған, бұл Қазақстанда жоғары орман мектебін ашуға үлкен ықпал етті.
Факультет ашылмас бұрын Ташкент ауыл шаруашылығы институтынан Санкт-Петербург орман-техникалық академиясының түлегі профессор А.И.Фёдоров шақырылды. Кейіннен оқытушылыққа А.Н.Протасов, А.М.Мушегян, А.М.Фрязинов және С.Л.Егоренков шақырылды. Соғыстан оралғаннан кейін факультеттің алғашқы түлектері В.М.Глазырин, Е.М.Старков, Д.Е.Гуриков, П.П.Бессчётнов және Т.Х.Тоқмұрзин, А.В.Технеряднов, О.Н.Печенкина, П.И.Селедцов, А.И.Голядкин сияқты мамандар оқытушылық қызметке қабылданды.
Факультет ашылғаннан кейін орман өсіру және дендрология кафедрасы құрылып, оның алғашқы меңгерушісі профессор А.И.Фёдоров, ал оқытушысы А.М.Фрязинов болды. 1950 жылы аспирантураны тәмамдаған соң П.П.Бессчётнов пен Е.И.Гегер қызметке қабылданды.
1948 жылы гидромелиорация және орман шаруашылығы факультеттері біріктіріліп, деканы болып т.ғ.к., доцент В.И.Алексеев тағайындалды. 1953 жылы орман шаруашылығы факультеті дербес болып бөлініп шықты, алғашқы деканы – А.М.Мушегян.
1952 жылы факультетте қосымша екі арнайы кафедра ашылды: орман дақылдары және агроорманмелиорация, орман таксациясы және орман орналастыру.
Кейінгі жылдары факультет декандары болып П.П.Бессчётнов, А.Д.Старков, Д.Е.Гуриков, С.И.Искаков, Г.В.Голощапов, С.Б.Байзақов, Ж.Ш.Шоманов, Ж.Н.Тоқтасынов, К.Б.Игембаев, К.Т.Абаева және қазіргі таңда Д.Н.Сәрсекова қызмет атқарды.
1979–1983 жылдары факультет құрамында еңбек қорғау кафедрасы жұмыс істеді (кафедра меңгерушісі – доцент Д.А.Әбілев). 1983 жылы факультетте елді мекендерді көгалдандыру кафедрасы ұйымдастырылып, алғаш рет институтта көгалдандыру инженерлері даярлана бастады. Бүгінде республиканың көптеген көгалдандыру ұйымдарында, соның ішінде Астана мен Алматы қалаларында, біздің түлектеріміз еңбек етуде.
Институтты үздік тәмамдаған түлектер арасынан оқытушылыққа Г.К.Бөкейханов, С.И.Искаков, Г.В.Голощапов, С.Б.Байзақов, Ж.Ш.Шоманов, К.Ж.Асқаров, И.А.Пальгов, В.И.Сахаров, Ж.Н.Тоқтасынов, Л.Х.Арыстанбекова (Қатаева) шақырылды. Кейінірек Е.Ж.Кентбаев, К.Б.Игембаев, К.Т.Абаева, Д.Н.Сәрсекова, Т.С.Кертешов, А.Т.Мұхамедияров, К.К.Әлібеков, А.Г.Мадиева және басқалар қызмет етті.
2001 жылы Президент Жарлығымен Қазмемагро ҚазҰАУ болып қайта құрылып, кафедралар ірілендірілді. Кафедра «Орман шаруашылығы және орман инженериясы» деп аталды. Заведующийлары: Ж.Н.Тоқтасынов (2001–2005), 2005–2009 жж. а.ш.ғ.д., профессор Е.Ж.Кентбаев, 2009–2010 жж. э.ғ.д., профессор К.Т.Абаева.
Кейінгі қайта ұйымдастырудан соң кафедра «Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы» деп аталды. Заведующийлары: 2021–2023 жж. PhD, қауымдастырылған профессор Ф.А. Токтасынова; 2023–2024 жж. а.ш.ғ.к., Э.С.Жілкібаева.
2025 жылы студенттер контингентінің өсуіне байланысты «Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасынан «Ландшафтық дизайн және көгалдандыру» кафедрасы бөлініп шықты. Кафедра меңгерушісі болып PhD, И.К.Майсупова тағайындалды.