ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

II Жас ғалымдар Конгресі Ақпараттық хат 2025 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ  ЖАНЫНДАҒЫ

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ЮНЕСКО жариялаған «Сенім, өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажетті ғылым» тақырыбына арналған, халықаралық қатысуымен өтетін Қазақстан жас ғалымдарының ІІ конгресінің өткізілетіні туралы хабарлайды. Бұл іс-шара 2025 жылдың 10 қарашасы – Бейбітшілік пен даму мүддесіндегі Дүниежүзілік ғылым күніне орай ұйымдастырылады.

Қазақстан жас ғалымдарының II конгресі 2025 жылғы 11–12 желтоқсанда Алматы қаласында, Шевченко көшесі, 28 мекенжайында орналасқан «Ғылым ордасы» ғимаратында, сондай-ақ Алматы қаласының 5 жоғары оқу орнының базасында өтеді.

Конгрестің мақсаттары:

  • Ғылымның әртүрлі бағыттарында жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен алмасуы және диалог жүргізуі үшін тұрақты платформа қалыптастыру.
  • Жас ғалымдардың халықаралық және пәнаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту.
  • Ғылыми білімді және соңғы ғылыми жетістіктерді насихаттау, жас зерттеушілердің еңбектеріне қоғам назарын аудару.
  • Жас ғалымдардың кәсіби өсуіне жағдай жасау және олардың іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсенді қатысуына ықпал ету.
  • Жас ғалымдардың әлеуметтік және кәсіби өміріндегі өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Конгресте өз еңбектерін кең аудиторияға ұсынуға жас ғалымдар үшін тамаша мүмкіндік туады.  Конгресс аясында беделді халықаралық ғылыми сыйлықтардың (Нобель, Филдс, Абель, Брейкер және USERN) лауреаттарының қатысуымен пленарлық форум-сессия, бес тақырыптық ғылыми конференция, сондай-ақ Қазақстанның және шетелдің жетекші жас ғалымдары қатысатын дөңгелек үстел мен форсайт-сессия өткізу жоспарлануда.

Келесі бағыттар бойынша ғылыми конференциялар өткізіледі:

  1. ТАБИҒИ ҒЫЛЫМДАР ТУРАЛЫ.
  2. ЖЕР, ҒАРЫШ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ.
  3. АГРОБИОРЕСУРСТАР МЕН ЭКОЛОГИЯ ТУРАЛЫ.
  4. ӨМІР МЕН ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ.
  5. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ.

 

«Қазақстан форсайты: 2050 жылға қажет ғылым» бағыты бойынша дөңгелек үстел»

Алматы қаласының жоғары оқу орындары базасында ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстел өткізіледі.

Пленарлық форумда жетекші жас ғалымдар мен ғылыми қауымдастықтың негізгі өкілдерінің қатысуымен панельдік пікірталас ұйымдастыру жоспарлануда.

Конгресске Қазақстан Республикасының жас ғалымдар кеңестерінің төрағалары, талантты жас ғалымдар, шетелде табысты жұмыс істеп жүрген зерттеушілер, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың басшылары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшелері, Ұлттық Құрылтай мүшелері, сондай-ақ ҰҒК төрағалары мен мүшелері шақырылады.

Конгресс аясындағы маңызды іс-шаралар:

  • Қазақстанның жас ғалымдарын Web of Science деректер базасы бойынша марапаттайтын «Academy Most Cited Researcher Award» сыйлығын табыстау.
  • Отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың мастер-кластары мен воркшоптары.
  • Жас ғалымдардың нетворкингі.

Сонымен қатар,  ҚР Ұлттық ғылым академиясының бас холлында жас ғалымдардың заманауи инновациялық әзірлемелерінің ғылыми-танымдық көрмесі ұйымдастырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген байланыс телефон номері арқылы ұйымдастыру комитетімен хабарласуыңызды сұраймыз:                                                         

+7 775 943 03 05 (Алиханов Қуантар Дәуленұлы).

 

Құрметпен,

Қазақстан жас ғалымдарының II конгресінің ұйымдастыру комитеті

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник