Аубекерова Л. С. молекулалық-генетикалық, микробиологиялық және
иммунобиохимиялық зерттеу әдістерін меңгерген.
40-тан астам ғылыми мақалалар жарық көрді, 10 әдістемелік ұсынымдар жазылды, 8 инновациялық патент алынды, жоғары оқу орнының студенттеріне арналған ветеринариялық терминология сөздігі ретінде 3 тілде 1 оқу құралын жазып шығарды.
Қазақстан, Ресей, Жапония, Түркия, Германия, АҚШ ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтті.
Орталық Азиядағы ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі американдық орталықта (CDC / CAR, АҚШ.) қолданбалы эпидемиология бағдарламасы бойынша 2 жылдық резидентураны бітірді.
Оның ғылыми жетекшілігімен 1 магистр дайындалды.
Оқу орны: Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті (ветеринария факультеті).
Мамандығы: ветеринариялық-санитариялық сараптама,
Бітіру жылы: 2007.
Біліктілігі: маман.
Оқу орны: Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты.
Мамандығы: ветеринария.
Аяқталған жылы: 2022.
Біліктілігі: ветеринария ғылымдарының кандидаты.
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
Zalina Latypova, Sholpan Sarbakanova, Malik Yussupov, Marhabat Kassenov, Alim Bizhanov, Vladislava Suchshikh, Zhandos Abay, Gulmira Kobdikova, Zhanara Tursynova, Assiya Mussayeva, Saltanat Mamanova, Erden Shakibaev, Laura Aubekerova, Alyona Lavrinenko, Aidana Turemuratova. Antibiotic Resistance of Enterobacterales Isolates Isolated from Livestock Products of Almaty Region, Kazakhstan// International Journal of Veterinary Science. Volume 15, No. 1, 2026
Jan-Feb, 2026 (Published: 28-Feb-2026) – (Scopus, Q2)
Сілтеме: https://www.ijvets.com/pdf-files/25-224.pdf.
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
Бахыт Барахов, Алиханов К.Д., Алпысбаева Г. Е., Турабеков М.Р., Аубекерова Л.С., Нұрмұханбетова А.Б. СҮТТІ СИЫРЛАРДАҒЫ СУБКЛИНИКАЛЫҚ МАСТИТТІ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СҮТ САПАСЫНА ӘСЕРІН БАҚЫЛАУ. Ғылым және білім. – 2025. Том 1 №2 (79).
Сілтеме: https://ojs.wkau.kz/index.php/gbj/article/view/2708.
ПАТЕНТТЕР
ҚР патенті №2023/0634.1. Голштеин тұқымдас ірі қара малында НН4 фертилдік гаплотипін тасымалдауша реал-тайм ПТР көмегімен диагностикалау тәсілі/ Усенбеков Е.С., Махмутов А.К., Муслимова Ж.У., Нурпеисова Р.К., Аубекерова Л.С., Алимбекова М.Е., Хусаинорв Д.М. 2023.
Бакалавриат:
• Зертханалық іс.
• Ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық санитариялық сараптауды ұйымдастыру.
• Тағам қауіпсіздігі мен ветеринариялық санитария саласындағы халықаралық және ұлттық заңнама.
2025 – Орталық Азиядағы азық-түлік сектторының қажеттіліктеріне жауап беру тақырыбындағы тағылымдама. Литва медицина ғылымдары университеті. Каунас. Литва.
2020 - "Ветеринария және зоонотикалық ауруларға арналған диагностикалық әдістер" тақырыбындағы тағылымдама. Cертификат. Азабу Университеті. Токио. Жапония.
Азабу Университеті. Токио. Жапония.