KazNARU

24 мамырда 8D052 Қоршаған орта кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті

2024 жылғы 24 мамырда сағат 11:00- де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D083 Орман шаруашылығы (6D080700 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығы; 8D08302 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы білім беру бағдарламасы) және 8D052 Қоршаған орта (6D060800 – Экология мамандығы; 8D05204 – Экология білім беру бағдарламасы) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық Есенбаева Жанар Жеңісқызының «Вермиөнімдер негізінде биологиялық белсенділігі жоғары жаңа құрамды қоспаларды жасау және олардың қолдану аясын айқындау» тақырыбындағы 8D05204 – «Экология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының қорғауы өтті.
8D052 Қоршаған орта кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №2 хаттамасы негізінде Есенбаева Жанар Жеңісқызына философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.