KazNARU

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА КЕЗЕҢ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құрамына алты ірі ғылыми-зерттеу институты мен екі тәжірибелік шаруашылық берілді.

Олар: Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ өз тәжірибелік шаруашылығымен бірге, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ҒЗИ, Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ, Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ҒЗИ, Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ, «Меркі» ЖШС тәжірибелік шаруашылығы.

✅ Осылайша, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибесіне сәйкес, ҚазҰАЗУ қазіргі заманғы функционалдық интеграцияланған жүйе болып табылатын сапалы зерттеу университетінің жаңа деңгейіне көтерілді: ғылым – білім – өндіріс (яғни, зертхана – аудитория – тәжірибелік шаруашылық).

Университеттердің дәл осындай классикалық моделі ғылым мен білімді дамытудың ұлттық стратегиясының басты басымдығы бола алады.

✅ Біріншіден, студенттер ең заманауи жоғары білім алып, ғылыми тәжірибеге ие болады, болашақта білікті, бәсекеге қабілетті кадр атана отырып, агорөнеркәсіп саласының интеллектуалды элитасын құрайды.

Екіншіден, ғылымға жас таланттардың келуі күшейіп, қазіргі нарықта қажетті ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен сұранысы артады.

Үшіншіден, интеграциялық процестерді күшейту мақсатында ҚазҰАЗУ-дың барлық потенциалы – ғылыми зерттеу орталықтары, заманауи зертханалары, жас ғалымдарға арналған жатақханалар болашақта практикалық дағдылары қалыптасқан ЖОО-ның еншілес ұйымдарымен серіктестікте бірлесіп пайдаланылатын болады.

✅ Бұл ретте, ҒЗИ мен университет ғалымдарының бірлескен ғылыми әзірлемелерінің нәтижелері өндіріске енгізіліп қана қоймай, жаңа білім беру бағдарламаларының пайда болуына ықпал етеді, өз кезегінде бұл ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

ҒЗИ мен тәжірибелік өндірістік шаруашылықтар бұдан былай «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын» ұстауға дивидендтер төлемейді, осы қомақты қаражат өз ұжымдарының дамуына қалдырылады.

✅ ҚазҰАЗУ ұжымы мен университет құрамына енген ғылыми зерттеу ұйымдарын осы айтулы жаңалықпен құттықтаймыз!

Біз бәріміз бірге – үлкен күшпіз!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі