KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Кәсіби қызмет саласы
Кәсіби қызмет саласы әскери ғылым және тылдан қамтамасыз ету болып табылады, ол адамдардың қызметтік жануарларды қолдану тәртібін орнатуға және жануарлар мен өсімдіктерден жасалған өнімдерді ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізуге бағытталған қызметінің технологияларын, құралдары мен әдіс-тәсілдері жиынтығын қамтиды.
Кәсіби қызмет объектілері
Түлектердің кәсіби қызметі объектілері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшелері мен мекемелері болып табылады.
Кәсіби қызмет нысандары
Түлектердің кәсіби қызметінің нысандары: - жеке құрамды басқару; - бейбіт өмір және соғыс жағдайында қызметтік жануарларға қатысты профилактикалық және емдеу іс-шараларын жүзеге асыру.
Кәсіби қызмет түрлері
Түлектердің кәсіби қызметінің түрлері: - ұйымдастыру-басқару қызметі; - пайдалану қызметі; - әкімшілік-шаруашылық қызмет.
Кәсіби қызмет функциялары
Түлек кәсіби қызмет объектілерінде келесі функцияларды орындай алатын болады: - бөлімшелер мен олардың бөлімдерін ветеринарлық қамсыздандыруды ұйымдастыру; - тылдық бөлімшелердің жауынгерлік даярлығын ұйымдастыру; - ветеринарлық бөлімшелерде қызметтік жануарларды ұстау және пайдалануды ұйымдастыру; - жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру; - қызмет атқару барысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
Түлек кәсіби қызмет объектілерінде келесі міндеттерді шеше алады: - ветеринария мамандарымен жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлық сабақтарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу; - ҚР ҚМ ветеринариялық мекемелерінің жоспарлы құжаттамасын әзірлеп, жүргізу; - жеке құрамды сапалы оқыту үшін оқу-материалдық қор объектілерін, қару-жарақты, техникалық оқыту құралдарын пайдалану; - сабақтар мен оқу жаттығулары, қызмет ету, улы және қатты әсер ететін препараттармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру; - ветеринарлық қамсыздандыруды ұйымдастыру және жеке құрамды басқара білу; - ұрыс-шайқас жағдайында бөлімшелерді жауынгерлік, техникалық және тылдық тұрғыда қамтамасыз етуді ұйымдастыру әрі жүзеге асыру; - қол астындағы жауынгерлермен жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру, жарғылық тәртіпті сақтау, ветеринарлық бөлімшелердегі әскери тәртіптің жай-күйіне, психологиялық ахуалға және әскердің қызметіне талдау жасап, баға беру; - жеке құрамның жоғары моральдық-жауынгерлік және адамгершілік қасиеттерін, ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру; - қызметтік парызын, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын орындау, сондай-ақ өз іс-әрекеттерінің тәртіптілігі мен ақылға қонымды бастамашылық үшін жауапкершілік; - арнайы техниканы пайдалану, күту, ұстау, азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмек препараттарын сақтау жұмыстарын ұйымдастырып, орындау; - штаттық жануарларды әскери қолданысқа даярлау, олардың тамақтандырылуын, ұсталуы мен пайдаланылуын тексеру және бағалау тәртібі; - қол астындағы жұмыскерлердің орналасуын, тұрмысын, тамақтануын, денсаулық сақтауын ұйымдастыру; - қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды ұтымды пайдалану.
Кәсіби қызмет бағыттары
Кәсіби қызмет бағыттары бөлімшенің күнделікті өмір тіршілігін басқаруды, әскери дайындықты және жауынгерлік іс-қимылдар жүргізуді қамтиды.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник