Біліктілікті арттыру кеңсесі

ТЕМПУС SSDS
Главной целью проекта SSDS является создание передовых и обновленных услуг для студентов.
Стипендия Болашак
Стипендия «Болашак» стала своеобразным гарантом успешного карьерного роста...

Біз туралы Біліктілікті арттыру бағдарламалары Ақпараттық хат Тіркеу
Біліктілікті арттыру кеңсесі
 
Біліктілікті арттыру кеңсесінің қызметінің негізгі мақсаты Университеттің кадрлық құрамының жоғары білім деңгейін қолдау және Республика бойынша Ауыл шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы өндірушілері мен мамандарының біліктілігін арттыру үшін іс-шаралар жүйесін жүзеге асыру болып табылады.
 
 
БАО қызметінің негізгі бағыттары:
 
  • Университеттің жас оқытушылары үшін оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу (университетішілік);
  • Бекітілген жоспар-кестеге сәйкес университеттің ПОҚ мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бөлінетін бюджеттің атқарылуы;
  • Оқытылатын пәндер бейіні бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;
  • Аграрлық сектор басшылары мен мамандарының біліктілігін арттыру;
  • Ауыл шаруашылығы саласында мамандарды даярлайтын ЖОО мен колледж ПОҚ біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру.
 
Құрылымы:
  • Жетекші маман
  • Маман
 
Мақсаты:

Университеттің 2024 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында университеттің білім беру қызметін жетілдіруге бағытталған негізгі іс-шаралардың бірі ретінде біліктілікті арттырудан өткен ПОҚ үлесін 27% - ға, оның ішінде шетелде 2,2% - ға дейін жеткізу көзделеді.

Біліктілікті арттыру офисы қызметінің басым бағыты біліктілікті арттыру сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда ең алдымен университеттің ПОҚ мен қызметкерлерін, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен Республиканың аграрлық секторының мамандарын жаңғырту міндеттерін шешу болып табылады.

Университеттің ПОҚ, ІСБ және барлық қызметкерлерін оқуға, тағылымдамадан өтуге бағытталған біліктілікті арттыру және кадрларды кәсіби қайта даярлау жүйесінің түрлі білім беру мекемелеріне,жетекші республикалық және шетелдік университеттерге, ғылыми орталықтарға, халықаралық ұйымдарға жіберілуін біліктілікті арттыру институтының ұжымы жүзеге асырады, сондай-ақ ҚР БҒМ талаптарына сәйкес біліктілікті арттыруға бөлінген қаражат есебінен оқытатын пәннің бейініне сәйкес біліктілігін арттыру ұйымдастырылады.

 
Даму стратегиясы:
 
ҚазҰАЗУ–дың 2024 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында алға қойылған міндеттеріне сәйкес БАО өзінің кәсіби ғылыми білімінде заманауи ақпараттық технологияларды еркін меңгерген жаңа формациядағы педагогтарды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды орындайды.

Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін, БАО қызметкерлері келесі іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр: сапа менеджменті саласында қызметкерлердің кәсібилігін үздіксіз арттыру үшін жағдай жасау, ақпараттық технологияларды меңгеру, құқықтық, коммуникативтік және кәсіби құзыреттілікті дамыту, қашықтықтан оқыту форматында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды бірлесіп жүргізу бойынша жетекші отандық, шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу институттарымен шарттар жасасу және т. б.

Аграрлық мамандарды дайындау инновациялық сала басымдықтарының бірі болып табылатындықтан, ҚазҰАЗУ өндіріс, ғылым және білімді байланыстыратын аралық буын болып табылатын білім және ғылымның әртүрлі бейінді инновациялық инфрақұрылымын, ғылыми-инновациялық орталықтарды, агропарктер және технополистерді қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатта университетте келесі халықаралық, инновациялық орталықтар мен зертханалар жұмыс істейді:
  • Агротехнологиялық Хаб;
  • Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы;
  • Су инновациялық орталығы (Су хабы);
  • Тамақ өнімдерінің технологиясы мен сапасының ғылыми-білім беру инновациялық орталығы;
  • Тұрақты егіншілік орталығы;
  • Қазақстан-Корей орталығы;
  • Қазақстан-Беларусь инновациялық агроинженерлік орталығы;
  • "Бау-бақша және көкөніс шаруашылығы" ғылыми-зерттеу орталығы;
  • "Интенсивті бақ" Қазақстан-Нидерланды орталығы;
  • Халықаралық инновациялық Вакцинология орталығы;
  • "Агроуниверситет" оқу-тәжірибелік шаруашылығы;
  • Инновациялық жылыжай (ақылды жылыжай).
 
Соңғы жаңалықтар Танымал Оқылған Жаңалықтар мұрағаты
Мекенжайымыз:
Казахстан, 050010 г. Алматы, ул. Абая, 8, 3 корпус, каб.204 ПН-ПТ с 9 00 до 18 00.