Жоғарғы оқу орындарының жас оқытушыларына арналған жазғы мектеп - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1028 Статистика

Жоғарғы оқу орындарының жас оқытушыларына арналған жазғы мектеп

      Қарағанды қаласында, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында төрт елдің оқытушыларының қатысуымен Орта Азиялық әріптес университеттердің жас оқытушыларына арналған, шілде айының 15 мен 20 аралығында  GIZ бағдарламасы мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұйымдастыруымен жазғы мектеп өтті.
Жазғы мектептің басты мақсаты –Орталық Азия аймағының барлық аймақтарынан келген жас оқытушыларға үлкен кеңістіктегі алаң құру, тәжірибе алмасу және тағам технологиясындағы пәндерді оқытуда жаңа идеялары, білімдерімен тәжірбие алмасу.
Жазғы мектептің ерекшелігі қатысушы оқытушыларға аймақтық кеңістік құруға үлкен мүмкіндік туғызады. Жеке қарым-қатынас процесінде арнайы академиялық орта жасалып, жаңа кәсіби таныстар болады.

photo
photo
photo
Жазғы мектепке «Технология және биоресурстар» факультетінен «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасынының ассистенттері Муратбекова Қарлығаш Муратбековна және Сансызбаева Бибігүл Қуатжанқызы  қатысты.
Біздің оқытушылар жазғы мектепте инновациялық педагогикалық технологиялар мен педагогикалық дағдылар бойынша түрлі интерактивті семинарларда болды және Қарағанды ​​қаласының азық-түлік өнімдерін шығаратын кәсіпорындарын аралап жаңа технологиялармен танысты.

photo
photo
 
Сансызбаева Бибігүл Қуатжанқызы
Муратбекова Қарлығаш Муратбековна
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты