Желтоқсан - елімнің ерлік жолы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #337 Статистика

Желтоқсан - елімнің ерлік жолы

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін.
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілерін қайтарған бәйгілі күн.
 
Осындай атпен университетіміздің мәжіліс залында патриоттық кеш өтті. Белсенді студенттер ұйымдастырған бұл шараға Желтоқсан көтерілісінің батырлары мен Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, университетіміздің ұстаздары мен қызметкерлері қатысты. Жиналғандарға өнерлі өрендер ән айтып, би билеп, 86-жылы болған көтерілістен көрініс көрсетті. Студент Мұстафа Шәмші «Жүрегім қазақ» әнін, Шамшиева Асемді «Туған жер»  әнін, Нуркалимова Зарина «16-шы Желтоқсан» әнін, Бижанова Арина «Қазақ елі» әнін, Камалғазы Бердібек «Аманат» әнін, Қозыбай Нұрбек «Көк тудың желбірегені» әнін орындады. Мылтықбай Қуат Тәуелсіздікке арналған өлеңін, Орақбай Сымбат «Қыран ұшты» қара өлеңін оқып, домбырада күй күмбірлетті.  «Гүл-Бану» би ансамблі тамаша биін тарту етті. Соңында қонақтарға сыйлық тарту етіліп, тәуелсіздігіміз мәңгі жасап, бейбітшілік ұзағынан сүйіндірсін деген тілекпен тарқасты.
 photo
photo
photo


Әшірәлі СМАНОВ,
Студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты