Жастарға жасалған жеңілдік - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2143 Статистика

Жастарға жасалған жеңілдік

Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастауымен өтіп жатқан Еріктілер жылы аясында «Жас Отан» ЖҚ АҚФ ұйымдастыруымен, Алматы қаласы ЖОО қолдауымен әлеуметтік жеңілдігі бар топқа жататын, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген студенттерге мемлекеттік грантта оқуға мүмкіндік берілді.
 

Бұл шарада ҚазҰАУ Ветеринария факультетінің студенті, КазҰАУ Еріктілер тобының мүшесі, қоғамдық шаралардың белсендісі, көп балалы отбасынан шыққан, ақылы бөлімде білім алушы Күмісбекова Маржан Ерболқызы грант иегері атанды.

 


Маржанды игілікті жеңісімен құттықтай отырып, университеттің әрбір білім алушы студенттеріне үлкен мүмкіндіктерге жол ашып, қолдау көрсетіп отырған сүйікті оқу ордамыз – Қазақ ұлттық аграрлық университетіне жастардың атынан шексіз алғыс айтамыз!

 

Читайте также Жаңалықтар мұрағаты