Жастардың өзін-өзі іске асыруы үшін жағдайлар жасау - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #529 Статистика

Жастардың өзін-өзі іске асыруы үшін жағдайлар жасау

2017 ж. 5 мамырында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Инженерлік факультетінде «Кәсіптік оқыту» кафедрасының жетекшілігімен студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін «Жастардың өзін-өзі іске асыруы үшін жағдайлар жасау. Әлеуметтік-мемлекеттік бағдарламалар» тақырыбында семинар өткізілді. Бұл семинарды ұйымдастыру және өткізу үшін Алматы қаласының жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қорының Жастар қоры орталығының жас мамандары – Солтанбеков Әли, Тобаякова Әйгерім, Абдықадыр Дәурен шақырылды.

photo
photo
Аталған шараның мақсаты Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының саясатымен таныстыру болды. Семинар қатысушылары «Кәсіптік оқыту» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығының 1-3 курс студенттері болды. Сонымен бірге, факультет деканы Н.А.Абдилдин шақырылды. Негізгі мәселе «Алматы қаласы жастарының 2020 Жол картасы» тақырыбын талқылау, жасалып жатқан «Лофт-орталығы» жобасын қарастыру болды. Аталған тақырып студенттерді өте қызықтырды, олар белсенді қатысты және аталған жобаға өз ұсыныстарын енгізді.  Семинар соңында қатысушыларға сертификат берілді.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты