Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері: Асылбек Мусоев - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2640 Статистика

Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері: Асылбек Мусоев

#30_үздік_жас_ғалым  
  
ҚазҰАЗУ оқытушыларының қатарындағы «30 үздік жас ғалым» жобасының  бір жұлдызы – Асылбек Мусоев. Ол өз ісіне өте жауапты, ветеринарлық вирусология және иммунология саласындағы көрнекті жетекші ғалым және тәуелсіз сарапшы болып саналады. 

Асылбек Мусоев өткен жылы «Азық – түлік қауіпсіздігі» бағыты бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің 055 – бюджеттік бағдарламасына сәйкес "Азық-түлік қауіпсіздігі" бағыты бойынша, оның ішінде «Құстардың метапневмовирустық инфекциясына мониторинг жүргізу, арнайы профилактикалық және диагностикалық құралдарды әзірлеу» тақырыбында зерттеу жүргізді.

Асылбектің зерттеу жұмысының практикалық құндылығы өте жоғары. Соңғы жылдары Қазақстанда құстарда бұрын тіркелмеген парамиксовирустар тобына жататын және біздің экономикамызға елеулі қауіп төндіретін құстардың метапневмовирустық инфекциясы байқалуда. Бұл ауру құстардың жұқпалы патологиясының маңызды қоздырғыштарының бірі. Бірақ соған қарамастан әлі осы аурудың эпидемиологиялық ерекшеліктері, алдын-алу шаралары анықталған жоқ, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізілген жоқ.

Серологиялық талдау үшін  құс метапневмовирусына  қарсы антиденелер деңгейін анықтау мақсатында «Avian Rhinotracheitis Antibody Test Kit» (Нидерланды) фирмасы дайындаған «BioChek»  жиынтығын қолданған және ветеринариялық медицина саласында нақтылығы 100 пайызды құрайтын диагностикалық  әдістердің бірі полимеразды тізбектік реакциясын қолданып молекулярлы – генетикалық зерттеу барысында, құс фабрикаларындағы құстардан зерттеуге алынған биоматериалдарды скринингтік тәсілмен зерттеу жұмыстарын нәтижелі жүргізген.
 

ҚазҰАЗУ ғылыми базасында алғаш рет ғылыми-зерттеу жұмысы барысында құстардың метапневмовирустық инфекциясына эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді және Қазақстанда таралу ареалы анықталды. Оның ішінде құстардың метапневмовирусының штаммы және антигендік құрылымы анықталды. Аурулардың алдын алу және диагностикалау құралдары әзірленіп, өндіріске енгізілді.

Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері Асылбек Мусоев ҚР АШМ 267 «2018-2020 жылдарға арналған ветеринариялық қауіпсіздікті және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін ғылыми қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының ғылыми аға қызметкері. Сондай-ақ, 2019 жылға арналған «Алель Агро» ЖШС-де «эпидемиологиялық және микробиологиялық қызметтер көрсету» ғылыми тақырыбы жобасында аға ғылыми қызметкер болып табылады.

Асылбектің ғылыми зерттеулері, баспа бетінде шыққан еңбектері, өндіріске берген әдістемелік және ұсыныстық  жаңалықтары  агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық бағытта жедел дамуына, соның  ішінде республикамыздың  құс шаруашылықтарының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белгілі  дәрежеде әсерін тигізді.

Асылбек ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде Scopus базасына кіретін журналдарда импакт-факторы бар 4 мақала, 3 оқу құралы және бірнеше оқу-әдістемелік нұсқаулықтар жариялаған, 5 патенті бар және 30-дан астам Халықаралық конференцияның қатысушысы.

Бүгінгі таңда ғалым әлемінде Асылбек Мусоев секілді жас ғалымдарды жоғары деңгейде бағалайды. Олар кез келген өзгерістерге тез бейімделеді, жаңа ережелер мен технологияларды тез меңгереді. Жаңа трендтерді басқалардан бұрын байқайтын және оларды жұмыста қолдануда көшбасында жүрген ол барлық жастарға үлгі тұтуға лайық жан.
 

ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі.
Фото: М.Ботабеков.

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты