«Ұмытылмас есімдер» Ауған соғыс адрагерлерімен кездесу кеші. - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #3 Статистика

«Ұмытылмас есімдер» Ауған соғыс адрагерлерімен кездесу кеші.

«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультетінің тәрбие ісі жөніндегі деканының орынбасары Зұлпыхаров Б.А., «Құқық» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., доц. Куандыков Б.Ж., «Студенттерге құқықтық тәрбие беру Орталығының», «Заңгер» үйірмесінің жетекшісі,  аға оқытушы Нұрмаханова Ж.М., профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен
№10 «Ақ қайың» Студенттер үйінде  Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына байланысты «Бейбітшіл Қазақстан еліміздің дамуының басты ұстанымы» атты Ауған соғысының ардагері «Құқық» кафедрасының з.ғ.к.,қауымд. проф. Сман Бахытжан Өрісбайұлымен кездесу өтті.
1979 жыл 25 желтоқсан және 1989 жыл 15 ақпан - бұлар тарихта қанды ізі, сан жүректе жазылмас жарасы қалған жылдар мен күндер. Кездесудің мақсаты: өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, ауған  соғысында опат болған  боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Кездесу қонақтарды, ұйымдастырушыларды таныстырумен ашылып, Тәуелсіздігіміз үшін күрескен Батыр бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне және Ауған соғысына қатысып оралмаған ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен жалғасты. Кездесу барысында Б.Ө. Сман «Ауған соғысының ақиқаты» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада Ауғанстан жерінде болған соғыстың тарихи мағынасы туралы жан-жақты мәліметтер берілді. Ол ерлік пен елдіктің өнегесін көрсеткен батыр жерлестеріміз жайлы тебіренісін жеткізіп, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Ауғанстан соғысы туралы қысқаша мәлімет беретін деректі фильмді көріп, студенттер тарихи оқиғалардан хабардар болды. Кездесу соңында, ауған соғысы ардагері ұрыста жасаған ерліктері жайлы әңгімелеп, қазіргі күнде оларға жылда құрмет көрсетіліп келетінін мақтанышпен айтып, алғыстарын білдірді.
Іс-шараның соңында ағаларымызға арналған музыкалық нөмірлер орындалып, арнайы сый-сыяпаттары берілді.
 
Ж.М.Нұрмаханова
«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультетінің
«Құқық» кафедрасының «Студенттерге құқықтық тәрбие беру Орталығының», «Заңгер» үйірмесінің жетекшісі,  аға оқытушы.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты