Ұлттық тәрбие – рухани жаңғырудың негізі - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #962 Статистика

Ұлттық тәрбие – рухани жаңғырудың негізі

        Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сінген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деп айтылған. Біздің университеттің тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, азаматтылығы гуманизммен ұштасқан, инновациялық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау.
 
photo photo
 
photo photo

ҚР Отан қорғаушылар күніне орай ЭО-211,212 топтарының студенттері арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Бұл тәрбиелік іс-шара студенттердің бойында патриоттық, азаматтық ұстаным мен ұлттық мәдениетті бойына сіңіру, тәуелсіздіктің құндылықтары мен жетістіктерін ұғындыру мақсатын көздейді. Байқауға қатысушылар мақал-мәтел, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы ұлттық сананы жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды насихаттады.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын, егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – деп әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтті.
 
photo photo
 
photo photo

«Жігіт сұлтаны» байқауын қорытындылаған Әділ қазылар төрағасы, кафедра меңгерушісі Ж.С.Шыныбай Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және оны жүзеге асырушы университет әкімшілігінің оқу-тәрбие жұмыстары бағдарламасының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, студенттердің шығармашылығын, өнері мен қабілетін жоғары бағалап, ұйымдастырушыға ризашылығын білдірді. Әділ қазылардың бағалауы бойынша «Жігіт сұлтаны» байқауын ЭО-212 тобының студенті Мұхтар Өрен жеңіп алды.
 
 
Нургалипа ЕСЕНГАБЫЛОВА,
 «Энергия үнемдеу және автоматика» кафедрасының
аға оқытушысы
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты