Төрт жақты меморандумға қол қойылды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #129 Статистика

Төрт жақты меморандумға қол қойылды

Қазақ ұлттық аграрлық университетінінің Бас ғимаратында Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Флорида университеті, «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қоры» Қоғамдық қоры мен «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС арасындағы төрт жақты әріптестік байланыс туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумға қол қою рәсімі университет ғалымдарының әріптестерімен бірлесіп дайындаған «Шелек фермерлері» бағдарламасын жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Аталған бағдарлама ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық эксперттердің тәжірибесін ала отырып, Алматы облысы мен республика халықының әл-ауқатын жақсартуға, отандық фермерлердің жұмыс өнімділігін арттыруға, инновациялық ғылыми жобалардың өндіріске енгізілуіне ықпал етпек.

Агроөнеркәсіптік салаға жаңа технологияларды енгізуде Қазақ ұлттық аграрлық университеті Қазақстанның және шетелдің беделді жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен, фермерлік шаруа қожалықтарымен бірлескен жобаларды жүзеге асырып, интеграциялық байланыстарын күшейтуде. Мұндағы негізгі мақсат  - Елбасы Жолдауында айқындалған міндеттемелерді орындау барысында ел экономикасын өркендетудегі ауыл шаруашылығы саласының маңызын арттырып, ғылым мен өндірістің өзара қатынасына тың серпін беріп, тәжірибе алмаса отырып, озық технологияларды отандық ауыл шаруашылығына енгізіп, ұлттық экономиканың аграрлық саласын өркендету.

Жиынға меморандумға қол қоюшы жақтың өкілдерімен қатар еліміздегі  ауыл шаруашылығымен айналысатын компания басшылары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары,  шаруашылық жетекшілері, аграрлық саланың өзге де білікті мамандары, ҚазҰАУ оқытушы-ғалымдары қатысты.

ҚазҰАУ баспасөз қызметі
Фото:М.Ботабеков

Читайте также Жаңалықтар мұрағаты