Терроризмге қарсы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #307 Статистика

Терроризмге қарсы

Таяуда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Алматы қаласы Дін істері басқармасы «Сараптама және зерттеу орталығы» мамандарының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризімнің алдын алу шараларының тәрбиелік-білімдік аспектілері» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге университетіміздің аға тәлімгерлері мен факультет декандарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлры, «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Борбасов Сайын Молдағалиұлы және Алматы қаласы Дін істері басқармасы «Сараптама және зерттеу орталығынан» Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы, Тәжібаев Серік Қажымұқанұлы қатысты.
 
photo

Іс-шара барысында Қазақстандағы «Деструктивті діни ағымдардың қызметі», «Қазақстандағы терроризмнің қаупі: сақтану және алдын алу», «Діни экстремизм мен терроризімнің алдын алу шараларының тәрбиелік-білімдік аспектілері» тақырыптары бойынша баяндамаар оқылып, оқытушылар мен тәлімгерлер арасында пікір алмасу болды. Сонымен қатар ашық сұра-жауап алаңында топ тәлімгерлерін толғандырып жүрген көптеген діни мәселелерге қатысты сұрақтар қойылып, жауап алынды. Тәрбиелік мәні зор шара «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі тарапынан ұйымдастырылды.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты