Студенттерге қосымша білім беру: кәсіпқойдан да жоғары бол! - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1924 Статистика

Студенттерге қосымша білім беру: кәсіпқойдан да жоғары бол!

Университетімізде 2019-2020 оқу жылы «AutoCAD бағдарламасы – инженердің басты құралы» тақырыбында 2017 жылдан бастап дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан  компьтерлік графика бағдарламасы бойынша AutoCAD жүйесінде факультетаралық пәндік олимпиада өткізілген болатын. Аталған іс – шараны «Механика және ауылшаруашылық техникасын құрылымдау» кафедрасы ұжымының бастамасымен пән оқытушылары «Сызба геометриясы және инженерлік графика», «Компьфтерлік графика», «Машиналық графика», «Инженерлік және компьютерлік графика» пәндерінен сабақ жүргізіп, өздерінің мол тәжірибесін студентерге үйретумен келеді.

Факультет декандары Б. Буралхиев,  Н. Әбдилдин қолдап олимпиада өткізуге толық мүмкіндіктер жасаған.

Пәндік олимпиаданың негізгі мақсаттарының бірі – студентердің факультет аралық кәсіби байланысын нығайту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, компьютерлік графика пәнінен білім деңгейлерін жетілдіру болып табылады.

Олимпиада инженер мамандықтарын даярлайтын факультеттер арасында өткен еді. Олимпиадаға қатысу аталған пәндерді оқитын және оқу үлгерімі жоғары студенттер арасынан іріктеліп алынған болатын. Іріктеу кезеңі, студенттердің сабаққа қатынасу және өзіндік жұмыстарды орындаудағы белсенділіктеріне байланысты пән оқытушыларының ұсынысы арқылы жүзеге асырылған. Олимпиада да студенттер шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып,  жүлделі орыннан көрінген «Технология және биоресурстар» факультетінің «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» және «Азық-түлік өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандықтарның студенттері білімдерін 2019-2020 оқу жылдың қыркүйек айыннан бастап жалғастырған болатын. Қосымшада «3D Модельдеу»  бойынша AutoCAD пограммасында инженерлік ойлау қабылетін дамытып, біліктілігін арттырды. Аталған бағытта ұсынылған бағдарламаны жоғары деңгейде толықтай аяқтады. Студенттеріміз білімі-біліктілігін жетілдіріп қана қоймай өз ортасына үлгі бола білді.
 

Студенттерімізді қолдаған кафедра меңгерушілері мен топ тәлімгерлерін алғыс айтқымыз келеді. Белсене қатысқан студенттерімізді жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы өмір жолдарында білімдерін пайдаланып білікті маман болуын үміт етеміз және шығармашылық табыс тілейміз.
 
Сертификат алған студенттер тізімі:
Құттыбай Әсем Мұратқызы                                            ТПРП -210К
Оралхан Аяулым Берекеқызы                                       ТПРП-210К
Адильбекова Альмира Нурлановна                              ТПП-204К
Амантай Айымгүл Қуандыққызы                                   ТПРП-211П
Болат Балауса Бекзатқызы                                           ТПРП-211П
Нурова Гульназ Ериковна                                             ТПРП-211П
Бекмурзаева Айсулу Жумагаликызы                           ТПП-207П
Айтбай Гүлжайна Бахытжанқызы                                ТПП-207П
Керімбай Айым Ардаққызы                                           ТПП-207П
Алмасбек Ақнұр Алмасбекқызы                                   ТПП-205К
Жарылқасын Гүлдана Нұрланқызы                             ТПП-205К
 
Қосымшаны ұйымдастырып жүргізуші:
«Механика және ауылшаруашылық техникасын құрылымдау» кафедрасының ассистенті, PhD докторант       Болат Ұнат    
 
 
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауыпсіздігі»
кафедрасының менгерушісі
Мамаева Л. А.
«Механика және ауылшаруашылық техникасын құрылымдау»
кафедрасының ассистенті, PhD докторант
Болат Ұнат    
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауыпсіздігі»
кафедрасының ассистенті, магистр
Зетбек Г. С.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты