Студент қыздарға қошемет көрсетілді - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #29 Статистика

Студент қыздарға қошемет көрсетілді

Көгілдір көктем есік қағып кіргелі кеуделерді бір керемет қуаныш кернеп, жаңаша бір леп келгендей әсерге бөлейді. Құдіретті табиғаттың былайша өзгеше өзгеріс әкелуі тегін емес. Өмірдің тірегі мен лүпіл қаққан жүрегі әйел-ана, қыз-келіншектердің мерейлі мерекесі осы  көктемнің беташары болып келеді. Сондықтан да ол шат-шадыман шаттық болып басталады. Мұндай қуанышқа кім де болса шеттерінен тілеулес.

фото

Осынау 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша студент қыздарға салтанатты жағдайда естен кетпейтіндей үлкен құрмет көрсетілді. Университеттің «Алтын дән» мейрамханасына студент қыздар лықа толды. Бәрінің де жанарларында қуаныш нұры ойнайды. Бұл мерекелік салтанатты ұйымдастырып отырған студенттік кәсіподақ комитеті.

фото

Салтанаттың сәттің басы студент қыздарды қызу құттықтаумен басталды. Онда университеттің оқу-тәрбие және қоғамдық байланыс жұмыстар жөніндегі проректоры Ләззат Тастемірова, мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Жанар Әбіжанова, жеміс-көкөніс кафедрасының меңгерушісі Гүлфаридат Аманқызы, жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Әйгерім Мәжитова ағынан жарылып, ақ тілектерін айтты.

фото

Бұдан кейін студент қыздарға мерекелік ақ дастархан жайылды. Сол сәттен бастап университеттің көркемөнерпаздар үйірмесі көңілді көкке жеткізер кең көлемді концерттік бағдарламасын ұсынды. Салтанатты қуаныштың соңында студент қыздарға арнайы дайындалған сый-сияпаттар берілді. Сөйтіп, студент қыздар өздеріне көрсетілген мерекелік құрметке асқан ризашылық алғыстарын айтып қайтты.

фото
фото
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген М. Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты