Шын дос –нағыз асыл қазына! - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #943 Статистика

Шын дос –нағыз асыл қазына!

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның  ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Жақсы, адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.

photo
photo
1- мамыр Республикамызда  Қазақстан халқының бірлігі күні болып бекітілген осы орайда 2018 жылыдың сәуір айының жиырма бесінші жұлдызында «Технология және биоресурстар» факультетінің, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының ұйымдастыруымен  «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасынан ҚазҰАУ, АТУ және де Тәжікстан Республикасынан GIZ «Орталық Азияда кәсіптік білім беру» бағдарламасы бойынша академиялық ұтқұрлылық аясында келген академик М. Осими атындағы Тәжікстан техникалық университеті студенттерінің    арасында  «Достық кездесу кеші» атты сайыс өтілді.
Сайыстың басты мақсаты мен ерекшелігі: Орта Азия елдері арасындағы болашақ мамандардың достыған нығайту мақсаты болса, ерекшелігі әр университет студенттері жеке-жеке команда болмай, арнайы жеребе арқылы топтарға бөлініп алынды.  Сайыс барысы студенттер үшін өте қызықты білім сайысы болды, сайыста әр университеттің студенттері бір-бірін жақынрақ танып-біліп достық қарым-қатынастарын күшейтті.

photo
photo
photo
Факультет деканы Буралхиев Батырхан Әзімханұлы, Кафедра меңгерушісі Мамаева Лаура Асильбековна, каефдра профессоры Серикбаева Асия Демеухановналар өздерінің жақсы лебіздерін білдірді.
Сайыс соңында төрт университет студенттерінің өздері орталарынан сайлаған кординаторлары достық меморандумына қол қойып екі ел арасындағы шынайы достықтың нағыз дәлелі болатындарын сеніммен айтып қол алысты.
           

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты