«Шекарасыз білім. Education without borders» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #545 Статистика

«Шекарасыз білім. Education without borders»

17.05.2017 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ветеринария» факультетінде студенттерді академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша ақпараттандыру мақсатында «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының меңгерушісі Алиханов Қуантар Дәуленұлы және кафедра профессоры Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызының ұйымдастыруымен «Шекарасыз білім. Education without borders»  іс-шарасы өтті.

photo
photo
Іс-шараға «Ветеринарлық санитария» мамандығының студенттері, сондай-ақ «Ветеринария» факультеті деканының орынбасары Қойбағаров Қанат Ұқанұлы және кафедра оқытушылары қатысты. Бұл іс-шараны өткізуде 3-ші курс (317-ВС-П) және 4-ші курс (416-ВС-П) көптілді топтарының студенттері белсенділік танытты. Іс-шара барысында шетелде білім алудың мүмкіндіктері мен оған қойылатын талаптар жайлы толық мағлұмат берілді. Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Вармия-Мазур университетінде (Польша) оқып келген 3-ші курс 317-ВС-П тобының студенттері – Нуриахметова Айғаным, Қуанышбай Маржан, Хасан Тельман, Холов Юнус өздерінің алған білімдері мен тәжірибелері жайлы бөлісті.

photo
photo
photo
photo
Сонымен қатар, Сербия мемлекетінде Нови Сад университетінде оқыған 4-ші курс 416-ВС-П тобының студенттері -  Гаппасова Раушан, Ибадуллаева Акерке, Жыргалова Алима, Серикбаева Гайни презентациялық есеп берді. Олар шетелде оқу барысында әр елден келген студенттермен бірге оқып, тәжірибие алмасып, өз мәдениеті жайлы бөліскендерін баяндады.

photo
photo
Одан әрі 317-ВС-П тобының студенттері Жумадилова Маншук, Сыгайбаева Асель, Калиева Акерке және «Ветеринарлық медицина» мамандығының 2-ші курс студенті Қыдырханов Темирлан қатысушыларға интеллектуальды ойындар ұйымдастырды.
Презентациялар соңында студенттер арасында қызу пікір-талас болды. «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының оқытушылары - Усенбаев Алтай Егембердіұлы, Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы және кафедра меңгерушісі Алиханов Қуантар Дәуленұлы өткізілген іс-шараның маңыздылығын қорытындылап, өз ойларымен бөлісті.
 
Іс-шараға жауаптылар:
кафедра меңгерушісі К.Алиханов, профессор Г.Алпысбаева,
ассистент А.Аллабергенова
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты