ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ХАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚОРҒАП ҚАЛДЫ - Казахский Национальный Аграрный<br/> Исследовательский Университет

Новость #2805 Статистика

ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ХАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚОРҒАП ҚАЛДЫ

Осы күндері көз алдымызда болып өткен дүбірлі оқиға еліміз үшін үлкен сынақ болды. Әлемдегі террористік пиғылдағы сырт күштер мен ниеті бұзық ішкі топтар өз ара сыбайласа отырып, ел тыныштығын бұзуға әрекеттенгенін, халқымыздың арасына іріткі салуға тырысқанын біліп отырмыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел бірлігі мен тыныштығын сақтау жолындағы шұғыл жасаған мәлімдемелері ашық айтылды.

Бүгін де Президент шұғыл Үндеу жариялап, төтенше жағдайдан тезірек шығу және бейбітшілікті қорғау мақсатында іс-әрекеттерге бастамашы болып, батыл шешімдер қабылдады. Елбасымыз да сындарлы сәттерде жұртшылық пен қоғамды Президенттің айналасына топталуға шақырды. Бұл шақыруларды барша қазақстандықтар тегіс қолдап отыр. Нәтижесінде Президентпен бірге тұтас халық болып қастерлі де, қасиетті Тәуелсіздігімізді сақтап қалдық! Ең үлкен олжамыз осы!

Алайда, еліміздегі қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай әлі де күрделі. Біздің кең байтақ еліміздің бірлігіне сызат түсіруге әрекеттенген сыртқы жаулар мен іштегі жымысқы күштер қалаларымзды қиратып, стратегиялық нысандарды бүлдіріп,  бейбіт тұрғындыр зардап шегіп жатыр. Ел тыныштығын қорғау жолында мерт болған замандастарымыз да аз емес. Сондықтан, бізге дәл осы сын сағаттарда бірге болу, зардаптармен бірге күресу қажет екені айтпаса да түсінкті.

Мен өзім студент жастарға (оның ішінде ауылдан шыққан өрендерге) білім берумен айналысатын аграрлық жоғары оқу орнының ұстазы және басшысы ретінде үлкен-кіші замандастарымды Президентіміздің елдегі тұрақтылық пен ынтымақты сақтау, еліміздің іргесін бекітіп, бейбіт өмірді қалыптастыру бағытындағы шараларын қолдауға, бірлесе жүзеге асыруға шақырамын!


Біздің күшіміз бірлікте!
Читайте также Архив новостей