ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МЕН БІРЛЕСЕ МАМАН КАДРЛАР ДАЯРЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2714 Статистика

ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МЕН БІРЛЕСЕ МАМАН КАДРЛАР ДАЯРЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2021 жылғы 1 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне Нидерланд Корольдігінен Dutch Fruit Solutions Kazakhstan компаниясының өкілдері келіп, өзара тәжірибе алмасу мен бірлесе маман кадрлар даярлаудың өзекті мәселелерін талқыланды.

Университетіміздің Ситуациялық орталығында өткен кездесуге DFSK төрағасы Сяак Уолрейвен-Флерен, DFSK үйлестірушісі Альфред Эверс, VGB ресми өкілі Тео Хизаккерс, de Kemp коммерциялық директоры Хузефа Ибрагим және DFSK менеджері Арсен Рысдаулетов қатысып, агроөндіріс саласындағы өзекті мәселелер – ауылшаруашылығына қажетті білікті мамандар даярлау, өнім өндірудің сапасын көтеру үшін ииновациялық технологияларды енгізу, жеміс дақылдарының тұқымдарын жақсарту және көбейту барысындағы ғылыми жетістіктердің ықпалын арттыру мәселелері талқыланды.

Нидерланд Корольдігі әлемдегі тұқым мен көшет материалын экспорттаушы №1 ел саналады. Аталған өнімдерден тапқан табысының 15-30%-ын АӨК-дегі инновацияны дамыту мақсатында инвестицияға салады және жылына 2,4 млрд еуроға көшет материалдарын экспорттайды. Сондықтан, бұл мемлекеттің аграрлық саладағы жетістіктеріне үлкен үлес қосып жүрген көрнекті мамандардың арнайы келіп, ақыл-кеңестер беруі біздің еліміз үшін өте пайдалы қадам деп есептейміз.

 


Республикада АӨК дамытудың басым бағыттарының бірі жеміс-жидек өндірісі. Бүгінгі таңда жеміс импорты 70% құрайды. Соңғы 5 жылда елімізге орташа есеппен жылына 1,7 млн.тонна жеміс-жидек импортталды. Бұл мәселені шешу үшін жеміс-жидек дақылдарын өсірудің жаңа инновациялық технологияларын меңгерген жоғары білікті мамандар даярлау керек.

Кездесуді ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасының орынбасары-Провост Қанат Тіреуов жүргізіп, қос мемлекет арасындағы білім, ғылым және экономикалық ынтымақтастықтың жыл сайын дамып келе жатқанына тоқталып, зерттеу мәртебесі бар университетімізде соңғы кезеңдері жүргізіліп жатқан жұмыстар ауқымын атап өтті. Қазақстандағы көшбасшы жоғары оқу орны саналатын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басты қызметі – ел экономикасының аграрлық секторы үшін креативті, инновациялық бағдарланған мамандарды даярлауға бағытталған.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды практикалық даярлаудан өткізу үшін және тәжірибе алмасу үшін Dutch Fruit Solutions Kazakhstan (Нидерланды) компаниясымен бірлесіп, 2020 жылы 1,5 га алаңда жеміс және жидек дақылдарының неғұрлым сұранысқа ие сұрыптарын іріктей отырып, Қазақстан-Нидерланд "Интенсивті бақ" орталығы құрылды. Бұл Орталық жеміс шаруашылығын дамыту саласындағы қазіргі заманғы инновацияларды көрсету алаңы ретінде қызмет етеді, сондй-ақ, ауыл кәсіпкерлеріне нидерландтық технология бойынша бақтарды қондыруды, басқаруды және күтуді үйретуде практикалық көмек көрсетеді.

 


Ағымдағы жылдың басында DFSK жеміс мектебі жеміс өсірудің 9 бағыты бойынша 10 онлайн-тренинг өткізді, оған фермерлер, сондай-ақ университеттің студенттері, магистранттары мен докторанттары белсенді қатысты.

2021 жылдың 14-15 қыркүйегінде университеттің Агротехнологиялық хабында фермерлер, оқытушылар мен студенттер үшін "шекілдеуік, cүйекті жеміс-жидек дақылдарын өсірудің инновациялық технологиялары" тақырыбында мастер-класстар өткізілді. Сарапшы ретінде Нидерланды Корольдігінің профессоры Адри Стриф сөз сөйледі.
19 қыркүйекте «Бақ күні» өтті, оған серіктестер, ғалымдар, жеміс-жидек, жаңғақ және көкөніс дақылдарын өсірумен айналысатын жетекші компаниялардың өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, 28 қарашада интенсивті бақта Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы болып, атқарылған жұмысқа жоғары баға берді.
Біз Нидерландтық Dutch Fruit Solutions Kazakhstan компаниясына жеміс және жидек дақылдарының демонстрациялық учаскесін құрудағы ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз. Осыған байланысты біз ҚКД-мен бірлесіп алдын ала уағдаластыққа қол жеткіздік және болашақта заманауи жеміс сақтау қоймасын салу жоспарланып отыр.

Кездесу аясында қонақтар Вагенинген институты, Өсімдіктердің микроканалды көбею зертханасы, Агротехникалық және Су Хабтарында, Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық және Қазақ-Жапон Азық-түлік технологиялары орталықтарында, Сүт және сүт өнімдерінің референттік зертханасында, "ҰАҒББО" ҒЗИ-мен интеграциялау шеңберінде аграрлық ғылым жетістіктерінің тұрақты жұмыс істейтін көрмесінде болып, соңғы жылдардағы ғылыми ізденістердің негізгі жетістіктерімен танысып, университетте атқарылып жатқан іс-шараларға жоғары бағасын берді.
 
ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі.
Фото: М.Ботабеков.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты