Өңірлердегі АӨК саласындағы қызметкерлермен жұмыс - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #317 Статистика

Өңірлердегі АӨК саласындағы қызметкерлермен жұмыс

Ақтөбе облысы әкімі мен ҚазҰАУ-нің ректоры арасындағы меморандум аясында «Акушерлік  хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының профессоры Туребеков Орынбасар Тиштыбаевич ағымдағы жылдың 15-17 қарашасы аралығында Ақтөбе қаласы, Ақтөбе ауыршаруашылығы колледжі базасында облыс шаруалары мен фермерлеріне «Қойды қолдан ұрықтандыру» тақырыбында 24 сағаттық семинар-трениг өткізді.

photo
photo
Қарашаның 17-жұлдызында Ырғыз ауданында «Алтын әсел» шаруа қожалығында Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Қазбергенов Н., облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сарсенбаев Қ., облыстық аумақтық инспекция басшысы Дуанбеков М., «Алтын әсел» шаруа қожалығының басшысы Утеуов Х., тәжірибелік станциясының ғылыми қызметкері Есенғалиев Қ., Ақтөбе газеті мен Ақтөбе TV тілшілерінің қатысуымен «Малды асылдандыру» тақырыбында семинар болып өтті.
Семинар соңында «Алтын әсел» шаруа қожалығында қойды қолдан ұрықтандыру пунктінде фермерлер мен ауылшаруашылығы мамандарына іс жүзінде қойды қолдан ұрықтандыру бойынша профессор Туребеков О.Т. мастер-класс өткізіп, қатысушыларға 15  университет сертификаты табысталды.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты