Олжас Сүлейменов және «Таза планета» - Казахский Национальный Аграрный<br/> Исследовательский Университет

Университет перешёл на дистанционное образование
Новость #2537 Статистика

Олжас Сүлейменов және «Таза планета»

Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар «Адамзаттың ақыны» дәрежесіне көтерілген, әлемге әйгілі көрнекті қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы, лингвист ғалым, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Омарұлы Сүлейменов 85 жасқа толып отыр.
Оқу ордамызда тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында 2004 жылдан бері «Олжас Сүлейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты» жұмыс істейді.
2013 жылы институты жанынан «Таза планета» ғылыми-танымдық орталығы ашылды. Олжекең студенттермен қауышқан сайын рухани кемелдену мен бейбітшілік мәселесі, тарих тағылымы, жаһандану дәуіріндегі төл әдебиетіміз пен мәдениетіміздің жайы, еліміздің экологиялық мәселелері, «Таза планета» идеясы және жоғары оқу орындарының халықаралық білім кеңістігіне енуі туралы пайымдауларымен пікір алмасып отырады.
Олжекең университетімізге үнемі қолдау көрсетіп, жастарымызға қамқор болып, ардагер волеболшылар командасына жетекшілік жасап, өзі де шебер ойын өрнегін көрсетіп, барлық игі іс-шараларымыздың төрінен табылып келеді.
Биыл да, 18 мамыр күні университетімізде «Олжас Сүлейменов және Таза планета» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізіп, студент жастар арасындағы дәстүрлі «Олжас оқулары» байқауын қорытындыламақпыз.
Біздің әр бастамамызға ақпараттық қолдау білдіріп отыратын Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қазақ әдебиеті» бысылымының шығармашылық ұжымына алғыс айтамыз.
 

https://qazaqadebieti.kz/28722/olzhas-s-lejmenov-zh-ne-taza-planeta

Читайте также Архив новостей