«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» (Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналады) - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1918 Статистика

«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» (Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналады)

18.02.2020 жылы «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы, «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен университетіміздің ғылыми кітапхана залында халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына орай, ұлы ақынның   өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып-білуге, тани түсуге ынталандыру мәселелерін талқылауға арналған іс-шара өткізілді. Аталған іс-шарада университетіміздің «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, профессор Д.И. Салқынбек және кафедраның профессор-оқытушылары: М.М.Сембаева, Л.Р.Заурбекова, А.Ж.Ахантаевалар баяндама жасады. Кафедра оқытушылары: Г. Ш. Баймұратова, З.Т. Тастанова, З. С. Ақтамбердиева, Р.М. Сембаев, С.С. Иманбаева, С.С. Күлмесханова, Ш.А. Абуханов, Б.Т. Коппаевалар өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстелде  «Ветеринарлық медицина» факультетінің 2 курс студенттері І. Ақылбекова, Ф. Әбу, Ж. Тағаевалар ұлы ақынның өлеңдерін оқып, дөңгедлек үстелді әрлендіре түсті.
 


М. М. Сембаева оқытушы
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты