NASA жобасы бойынша далалық жұмыс сапармен 2020 жылды аяқтау - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2417 Статистика

NASA жобасы бойынша далалық жұмыс сапармен 2020 жылды аяқтау

ҚазҰАЗУ ғалымдарынан құралған жұмыс тобы мамандары NASA жобасы бойынша 2020 жылдың желтоқсан айының 30-шы жұлдызында Алматы облысына далалық зерттеу жұмысына барып келді.

Сурет 1 – Жануарлардың қозғалысын бақылау үшін GPS трекерлерін пайдалану мүмкіндіктері

Жұмыс тобының мүшелері профессор Нурғазы Қ.Ш. және аға оқытушы Тәжен Қ.П. 10 шаруа қожалықтарды аралап орнатылған GPS қондырғылары бар қарғыбаулардың ақпараттарын жүктеп жаңа қондырғыларды орнатты.

Сурет 2 – Далалық жұмыстары кезінде ғалымдардың трекерлерді ауыстыру сәті

GPS қарғыбаулар жануарларды қадағалаудың басқа қашықтық әдістерімен салыстырғанда зерттеулерде қолдану үшін тиімді, өйткені олар қашықтықтан қол жеткізуге болатын кеңістіктік деректердің көп мөлшерін жинайды. Алайда, жануарлардың мінез-құлқы, жер бедері, өсімдік жамылғысы және маусымдық жағдайдың барлығы GPS ақпаратының дәл болуына әсерін тигізеді.

Сурет 3 – Ұсыныстар жасау үшін мәліметтерді беру және одан әрі талдау схемасы

Толыққанды зерттеу үшін ғалымдар ғарыштық суреттерден алынған мәліметтерді, шопандардың әлеуметтік сауалнамасын талдап, GPS қозғалысын зерттеп және жайылымға арналған аумақты таңдау үшін деректерді пайдалану кезінде жүйелік қателіктерді ескере отырып, таңдауға өнімді аймақтарды анықтауға және ықтимал үнемдеуге мүмкіндік беретін ұсыныс береді. Аймақтағы деградацияға ұшыраған аудандарды анықтап, зерттеу деректері жергілікті малшыларға өз жерлерін түсінуге және бағалауға, зерттеу нәтижелерінің ұсыныстарына сәйкес тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
 
Тұрақты егін шаруашылығы орталығының жетекшісі: Майра Қусаинова

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты