Көшбасшымен бірге қарыштап! - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #342 Статистика

Көшбасшымен бірге қарыштап!

2016 жылдың 9 желтоқсан күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Көшбасшымен бірге қарыштап!» тақырыбында панелдік сессия өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының сыныптастары, белгілі қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар, қоғамдық ұйым өкілдері мен университеттің белсенді жастары қатысты.
Шараның модераторы О.Сүлейменов  атындағы Әлеуметтік және гуманитарлық білім беру және тәрбие институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Есенгелді Медеуов болды.
«Ұлт жоспары – «100 қадам » «Бәріне ортақ заманауи мемлекет» ғылыми қоғамдастықта үлкен резонанс тудырды. Ұлт жоспары Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіріп, стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік береді деп сенемін. Ұлттық идея «Мәңгілік ел», Қазақстан тәуелсіздігінің барлық жетістіктері мен талпыныстарының сабақтастығына негіз жасайды» - деді өз сөзінде Есенгелді Өміржанұлы.

photo
photo
Панелдік сессия жұмысындамемлекеттік маңызды бағдарламалық құжаттарды жастарға кеңінен түсіндіру; студент жастармен пікір алмасу арқылы студенттер арасында жеке тұлғаны әлеуметтендіру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, олардың өз ұстанымдарын көрсетіп, қорғай білуін және толерантты сұхбат жүргізе білуін қалыптастыруға ықпал ету мәселелері талқыланып, келелі ой-пікірлер ортаға салынды.
Жиын барысында«Елбасының Сыныптастары және Курстастары» ұйымының республика бойынша жетекші ұйымдастырушысы Бақытжан Серпеков,  «Елбасының Сыныптастары және Курстастары» ұйымының Алматы қаласы бойынша штаб бастығы Рая Ғарифқызы, «Ақорда Республикалық қозғалысының» төраға орынбасары Қанат Мұсағұлов, «Қазақстан авторлар қоғамының» бас директоры Байғали Есенәлиев сынды тұлғалар сөз сөйлеп, Қазақстанның ширек ғасыр аралығында Мемлекет басшысының сарабдал саясатымен жүріп өткен жолына шолу жасап, жастарға өнегелі әңгімелер айтты. Сонымен қатар іс-шараны ұйымдастырушылар – университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Зарина Бүйенбаева, университет жанындағы «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығының жетекшісі Гүлнар  Битимшина жастарды Тәуелсіздік рухында тәрбиелеп, олардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың ойынша, «100 нақты қадам» - ел мен қоғамдағы өмірдің  дамуына  жағдай жасайтын Елбасы ұсынып отырған нақты міндеттер.  Шараға  қатысушылар ел Президентінің нақтылап берген қадамдары мемлекетаралық маңызды мәселелерді  шешуде үлкен қоғамдық пікір-талас тудыратынына сенім білдірді. 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты