Кітапханадағы кездесу - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1313 Статистика

Кітапханадағы кездесу

 Жуырда университетіміздің ғылыми кітапханасы залында «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы, «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығы және университетіміздің ғылыми кітапхана бөлімінің ұйымдастыруындағы университетіміздің 1 курс студентері қатысқан Елбасының жарлығымен 2019 жылы «Жастар жылы»  деп жариялануына байланысты «Жастар жылы-жасампаздық бастауы» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.
 
 

       Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, профессор Досалы Исаханұлы 2017 жылы қазан айында жарияланған Елбасының  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы білім, ғылым және жастар тәрбиесіне байланысты өзекті мәселеге тоқтала отырып жақында ғана Елбасының Жастар жылының ашылуына байлынысты сөйлеген сөзіндей негізгі тақырыптарға баса көңіл бөлді.
         2019 жыл «Жастар жылы» осы жылдан не күтеміз деген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар дөңгелек үстелде сөз сөйлеген профессор-оқытушылары Г.Н.Ксенжик , М.Ж. Жумагулов С.Ә. Жұман С.О. Смагулова, А.Ж. Ахантева, Л.Р. Заурбекова, С.С. Иманбаева,  Г.Ш. Баймуратова, З.Т. Тастанова, Е.У. Сырбаев, А.К. Шардарбековтар  Елбасының «Жастар жылына» байланысты айтылған сөзіндегі негізгі ойларға тоқталды. Сонымен қатар «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»  кафедрасының тәрбие-әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары: Елтаева Құралай Елтаевна, Джумабаева Айгуль Муратовна өз пікірлерімен бөлісті.
       Дөңгелек үстелде жастар атынан сөз алған  «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті және Агробиология» факультетінің 1 курс студенттері: «Қойжанова Зуля, ПВ-109 топ, Атибаева Шерзат, ПВ-109 топ, Жанатқызы Дана, ЛР-103 топ,  Темірбек  Дана,  ЛР-103 топтары жастардың  көкейінде жүрген маңызды ойларын ортаға салды.
      Дөңгелек үстел соңында алдағы уақытта атқарылуға тиісті жастар тарапынан мынандай ұсыныстар айтылды:
  1. Жастардың компьютерлік біліктілігін арттыру үшін университет жастарына арналған компьютерлік курстар ашу;
  2. Ағылшын тілін тереңдетіп оқыту үшін университет жанынан қосымша курстар ашу;
  3. Жастардың белсенділігін арттыру мақсатында университет студенттері аралық «Нұрлы жастар» клубын ұйымдастыру.
  4. Барлық салада қазақ тілінің қолдану аясын кеңету.
       Дөңгелек үстелдің  соңында модератор Баян Сарсенқызы осы дөңгелек үстелге ой бөліскен кафедраның профессор-оқытушыларына, қонақтарға және университетіміздің студенттеріне алғыс айтып, осы жылда үлкен табыстар биігінен көріне беріңіздер деп тілек айтты.
 

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты