ХАЛҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ДИАЛОГ - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2620 Статистика

ХАЛҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ДИАЛОГ

31 тамыз -1 қыркүйек аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) бірлесіп ұйымдастыруымен офлайн/онлайн форматында "Африка және ТМД елдерінің ИҰЕ үшін су хабының тәжірибесі мен технологиялары" атты халықаралық конференция болып өтті.

Конференция жұмысына Африка, Орталық Азия және Кавказ елдерінен 50-ден астам адам қатысты. Пленарлық отырыстарда Чад, Мали, Нигер, Мавритания, Буркина-Фасо, Сенегал, Бенин, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Әзірбайжан сияқты мемлекеттердің ғалымдары мен министрліктерінің өкілдері баяндама жасап, инновациялық тәжірибелерді кеңінен талқылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі таңдағы су тапшылығына байланысты мәселелер, оның ішінде экологиялық зондтау (озық тәжірибе мен инновациялар), тұрақты тұщыландыру, гидроэнергетикалық объектіні пысықтау және енгізу, сондай-ақ Орталық Азиядағы су ресурстарын басқарудағы озық шешімдер мәселелері ортаға салынды.

Іс-шарада сөз сөйлеген азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Ерлан Байдәулетов су ресурстарының жетіспеушілігі, дұрыс басқарылмауы және бытыраңқы қызығушылықтар – Орталық Азияда судың таралуын әлеуетті шиеленістің негізгі көзіне айналдыратын факторлар екеніне тоқталды. Қалыптасқан жағдай су-энергетикалық ресурстарды пайдалануда диалог пен өңірлік ынтымақтастық тетіктерін дамытудың жаңа жолдарын іздеу қажеттігін талап етеді.
 

Халықаралық кеңес жұмысында Дамира Сыдықова, Қырғызстанның ирригация жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының басшысы, Назар Нұрзода, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының мүшесі, Рябцев Анатолий  т.ғ.. д., профессор, ҚазҰАЗУ Су хабының директоры., Заурбек Әуелбек, Т.ғ. д. ҚазҰАЗУ., Гулов Шер, ТР Су ресурстары және энергетика министрлігінен., Сима Маммадова, Әзірбайжан Ауыл шаруашылығы министрлігінен, Медет Жәдігерұлы, Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінен және Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының, ғылыми-зерттеу мекемелерінің және басқа да мүдделі қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөйледі.

"Біздің Конференция ерекше форматта өткізіліп отыр және Орталық Азия мен Кавказ, Батыс Африка елдері үшін ерекше маңызға ие. Біз екі күн ішінде, сондай-ақ конференциядан кейін болатын жұмыстарға байланысты үлкен үміттер күтеміз. Мен және менің әріптестерім конференция жұмысының тиісті деңгейде өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз және оның табысты өткізілуін қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз, Осы конференцияны өткізуге бастамашы болған АҚИҰ мен ҚазҰАЗУ басшылығына алғысымызды білдіреміз", - деді Тәжікстанның ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының мүшесі Назар Нұрзода.

Расында да, Ислам елдерінің азық-түлік қауіпсіздігі және халқының тамақ өнімдеріне сұранысын қанағаттандыру үшін азық-түлік өндіру, су қауіпсіздігі мен суды тұтыну мәселелері әлемді алаңдатып отыр. Осыған байланысты ҚазҰАЗУ ғалымдары әзірлеген «Халықаралық халал өнімдерін зерттеу орталығы», «Ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді пайдалану үшін суды тұщыландыру мобильді қондырғысын әзірлеу және енгізу», «Полиэтилен үлдірден жасалған вакуумдық контейнерлерде сүрлем дайындау» және т.б. ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар нақты инвестициялық жобалар ұсынылды.

Су шаруашылығы кадрларын даярлау және қайта даярлау тәсілдері өзгеруде. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, университет осы мәселелерді шешумен айналысатын жаңа форматтағы кадрлар оқытуды жүзеге асыруда. Сапалы кадр дайындық үшін " Су хабы" халықаралық зерттеу орталығы жұмыс істейді. Осы іс-шараға офлайн режимде қатысатын әріптестеріміз осы 6 құрылымның қызметімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Су хабының құрамына: Су ресурстары және мелиорация кафедрасы, 14 зерттеу зертханасы, "Ақылды су" Қазақстан-Американдық зерттеу орталығы, Су проблемалары және халықаралық су ынтымақтастығы ғылыми-зерттеу институты, Гидротехниктердің біліктілігін арттыру институты кіреді.
 
   

Конференцияға қатысушыларға арналған "Water Hub" аясында қарқынды оқыту Бағдарламасы екінші күні ҚазҰАЗУ демонстрациялық алаңында жалғасты. Тәжірибе алмасу және кадрлар даярлау үшін Dutch Fruit Solutions Kazakhstan (Нидерланды) компаниясымен бірлесіп, 2020 жылы 1,5 га алаңда жеміс және жидек дақылдарының неғұрлым сұранысқа ие сұрыптарын іріктей отырып, Қазақстан-Нидерланд "Интенсивті бақ" орталығы құрылды. Бұл Орталық жеміс шаруашылығын дамыту саласындағы қазіргі заманғы инновацияларды пайдалану және нақты істерде тұрақты көрсету алаңы ретінде қызмет етеді. Бұдан кейін форумға қатысушылар "Агроуниверситет" оқу-тәжірибелік шаруашылығындағы Корея Республикасының инновациялық "Ақылды жылыжай" құрылысымен танысты.

Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Халықаралық конференцияны АҚИҰ-ға мүше мемлекеттердің ғалымдарына, министрліктеріне, түрлі ұйымдарына су тапшылығына байланысты қызықтыратын мәселелерді талқылауға бірегей мүмкіндік берілетін әлемдік диалог алаңы деп жиі атайды. Конференцияның нәтижелері АҚИҰ-ға соңғы бір жарым жыл ішінде бүкіл өмір саласына ауыр соққы берген COVID-19 пандемиясының салдарын еңсеруге тағы бір қадам жасауға және сол арқылы бірлескен жұмысты жалғастыруға шешуші үлес қосуға мүмкіндік береді.

Қорытынды нәтижелер барлық қатысушыларға және қазіргі Қазақстанның аграрлық ғылымына пайдалы болады деп үміттенемін, ал конференцияда ұсынылған ұсыныстар іс жүзінде өз қолданысын табатын болады.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты