ҚазҰАЗУ студенттері үшін Айдархан Ержанов атындағы стипендия тағайындалды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2635 Статистика

ҚазҰАЗУ студенттері үшін Айдархан Ержанов атындағы стипендия тағайындалды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ғылыми Кеңесінің шешімен қазақ ауылшаруашылығының өркендеуіне үлес қосып, білікті кадрлар даярлауда ерекше орны бар, артынан өшпес із қалдырған ғалым, ұстаз Ержанов Айдархан Ержанұлының құрметіне ЖОО студенттеріне шәкіртақы тағайындады. Бұл студенттерді білімге ынталандыратыны сөзсіз.

Ержанов Айдархан Ержанұлы 1921 жылдың 15 қазанында Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1941 жылы өз еркімен соғысқа аттанып, 1942 жылы қоршауда қалып, кейінірек одан қашып шығып, соғыстың аяғына дейін Польшада партизан отрядында болған. Соғыста көрсеткен батырлығы үшін Кеңес Одағының ордендері және медальдарымен бірнеше рет марапатталған. 1936 жылы БЛКЖО мүшесі, ал 1958 жылдан СОКП мүшесі болған. Соғыс аяқталғаннан кейін 1946 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының ауылшаруашылық механикаландыру факультетінің инженер-механик мамандығына оқуға түсіп, оны 1951 жылы үздік белгімен бітіріп шықты. Сол жылы институтта педагогтық жұмысқа қалдырылды. Ол 1954-1958 жылдары Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеруге белсенді қатысып, өндірісте бас инженер болып жұмыс істеді. Осы салада жемісті жұмыс атқарғаны үшін бірнеше рет алғыс алды және «Еңбектегі ерен еңбегі» «Тың және тыңайған жерлдерді игеру» медальдарымен марапатталды. Қол жеткен жетістіктері үшін Бүкіл Одақтық Халық шаруашылығы көрмесіне қатысты.

1958 жылы аспирантураға қабылданды. Ал 1964 жылы «Ауылшаруашылық өндірісіне машина трактор паркін тиімді пайдалануды жақсарту» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны ойдағыдай қорғады және оған доцент ғылыми атағы берілді.

Ол факультет және институт өмірінің тіршілігіне белсенді қатысты. Атап айтқанда институт әкімшілігінің қызметін бақылайтын партиялық комиссияның мүшесі, факультеттің әдістемелік комиссиясының төрағасы, ғылыми семинардың жетекшісі, мамандық бойынша кандидаттық диссертацияны қорғау кеңесінің ғылыми хатшысы болды.

Ержанов Дархан 1964-1974 жылдар аралығында ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетінің деканы қызметін атқарды, ал 1974-1986 жылдары Машина трактор паркін пайдалану кафедрасының менгерушісі болды. Ержанов А.Е. Қазақ ауылшаруашылық институтының және ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру факультетінің дамуына сүлес қосты. Сонымен қатар кафедраны диссертацияны қорғаған және аспирантураны ойдағыдай бітірген жас оқытушылармен қамтамассыз етуге зор көңіл бөлді.

Ержанов А.Е. өндіріс пен ғылымның тығыз байланысты болуына, ғылыми жетістіктерді насихаттауға, жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауға үлкен көңіл бөлді.

Оқу жұмысымен қатар, ол ғылыми жұмыстарға, атап айтқанда өнімді жинауды, оларды өңдеу және сапасын бағалау жөнінде үлкен жұмыстар жүргізді. Оқу әдістемелік, ғылыми –зерттеу және қоғамдық жұмыста қол жеткен табыстары үшін Ержанов А.Е. медальдармен және құрмет грамоталарымен, сондай ақ Ұлы Отан Соғысының 40 жылдық жеңісіне байланысты Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің мақтау грамотасымен марапатталады. 1986 жылы 16 желтоқсанда дүниеден озды.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты