ҚазҰАУ-да көрнекті ақын Ақыт Үлімжіұлының 150 жылдық мерейтойы атап өтілді - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #989 Статистика

ҚазҰАУ-да көрнекті ақын Ақыт Үлімжіұлының 150 жылдық мерейтойы атап өтілді

       11 маусымда «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасында көрнекті ақын, ағартушы Ақыт Үлімжіұлының (1868-1940) 150 жылдық мерейтойына орай  «А.Үлімжіұлының қазақ тарихы мен мәдениетіндегі орны» атты ғылыми-танымдық іс-шара өткізілді. О.Сүлейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтының қауымд. профессоры, филос.ғ.к. Гүлнар Омарованың ұйымдастыруымен өткен осы шараға «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі Д.И.Салқынбек және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Бұрын соңды есімі қоғамымызға терең танылмаған, шетелде өмір сүрген ойшыл Ақыт Үлімжіұлының тұлғалық болмысын оның тарихи Отанына таныту мақсатында өткен шарада  қазақ тарихы мен мәдениетінде алар орны жан-жақты ашылып көрсетілді.

photo
Іс-шара барысында қауымдастырылған профессор Г.Омарованың «Рухани жаңғыру» аясында Ақыт Үлімжіұлының 150 жылдық мерейтойына орай атқарған шаралары баяндалды:
  1. 19 сәуір күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Мақсатым ел жұртқа тағылым болса» атты әдеби-танымдық іс-шара өткізді;
  2. 23 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түріксой кафедрасында «А.Үлімжіұлы әдеби мұраларының қазақ руханиятындағы орны» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды;
  3. А.Үлімжіұлының «Шолақ қол келіншек» пьесасын Монғолиядан алдырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мәдениет Министрлігінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облыстық Драма театрында 27, 29 сәуір күндері С.Д.Әкелеевтің көркемдік жетекшілігімен сахнада қойылуына ат салысты;
  4. 7 маусым күні Қазақстан телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасында Г.Омарованың Түркияда 3000-6000 данамен бастырған А.Үлімжіұлының 2 томдық шығармалар жинағының шыққаны туралы хабар көрсетілген.
  5. 8 маусымда Ғылым Ордасының кіші мәжіліс залында Түріксой халықаралық ұйымы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, О.Сүлейменов атындағы «Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие» институты бірлестікте «Рухани жаңғыру және Ақыт Үлімжіұлының шығармашылық мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік коференция өткізуді ұйымдастыруға ат салысты.
 
 
Гүлнар ОМАРОВА,
О.Сүлейменов атындағы «Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие» институтының қауымд. профессоры, филос.ғ.к.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты