ҚазҰАУ оқытушылары ағылшын тілін меңгеруде - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1297 Статистика

ҚазҰАУ оқытушылары ағылшын тілін меңгеруде

Өткен 2018 жылдың желтоқсан айында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Бизнес жобаларды коммерцияландыру бөлімі БҒМ Ғылым комитеті жариялаған «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы бойынша арнайы грант ұтып алған болатын.
Аталған жоба шеңберінде университет ғалымдары мен коммерцияландыру бөлімі қызметкерлерін ағылшан тіліне оқыту қарастырылған. Мұндағы мақсат – ғалымдарымыздың инновациялық жобаларды коммерцияландыру бағытында шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуы, шетелдерде өз біліктіліктерін арттыру, технологияларды трансферттеу, старт-ап жобаларды жүзеге асыру. Осы мақсатта ағылшын тілін оқытатын орталықтар арасында конкурс жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша ең жоғары балл алған орталық «iStudy» ЖШС іріктелді.
 
 
Осыған байланысты биылғы жылдың 9 қаңтар күні оқу орнының мәжіліс залында университет ғалымдарының, қызметкерлерінің және ағылшын тілін оқытатын орталық «iStudy» ЖШС оқытушыларының қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында ағылшын тілін оқытуға байланысты атқарылатын жұмыстар жөнінде (оқу кестесі, тіл оқытатын оқытушылар жөнінде мәлімет, оқу құралдары, әдістері) ақпарат берілді.
Жобаға сәйкес, белгіленген кесте бойынша ағылшын тілін оқыту сабақтары жүйелі түрде өткізіледін болады.
Қазіргі уақытта университет ректоры, академик Т.И.Есполовтың тікелей басшылығымен ҚазҰАУ-ды әлемдік деңгейдегі университет дәрежесіне көтеру бағыттары бойынша арнайы тұжырымдама әзірленіп, ауқымды іс-шаралар мен инновациялық жобалар іске асырылуда.
Агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылық саласындағы білім мен ғылымды заман талабына сай дамыту шаралары оқу орнын ұлттық зерттеу университетіне трансформациялау стратегиялық бағдарламасына сәйкес жүргізілуде.
  
ҚазҰАУ Бизнес жобаларды коммерцияландыру бөлімі,
Фото: М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты