ҚазҰАУ мен ҚазҰПУ-дың тәжірибе алмасуы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1558 Статистика

ҚазҰАУ мен ҚазҰПУ-дың тәжірибе алмасуы

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінен делегация келді.
Жиынды ҚазҰАУ ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик Тілектес Исабайұлы Есполов ашып, ұжымның атынан әріптестерге жылы ықыласын білдірді. Өз кезегінде Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Балықбаев Такир Оспанұлы Қазақстандағы аграрлық саладағы көшбасшы университеттің бүгінгі шыққан биіктері мен жетістіктерін ерекше атап өтті.
 
 
 

ҚазҰПУ делегациясының келу мақсаты – республикамыздың жоғары оқу орындары коммерциялық емес акционерлік қоғам (КеАҚ) мәртебесіне өту міндеттеріне сай, аталған құрылымдық өзгерістерге байланысты тәжірибе алмасу.
 

2016 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университеті Үкімет Қаулысымен «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан коммерциялық емес акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Бұл университетке академиялық еркіндік алуға, автономияға көшуге және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, өзін-өзі қаржыландыру қағидаларын іске асыруға мүмкіндік берді.
 
 

Жиында Басқарма төрағасы – ректор Тілектес Исабайұлы «Тиімді менеджмент – университет жетістігінің басты факторы», аппарат жетекшісі Марина Алексеева «ЖОО-ның ұлттық зерттеу университетке трансформациялануы: қадам-қадаммен», Стратегиялық даму басқармасының бастығы Үкілай Керімова «Агробизнестің жоғары мектебі және құқығы», оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Бақыт Қалықова «Білім сапасын арттыру», Академиялық мәселелер бойынша департамент директоры Қанат Дүйсебаев «Білім беру қызметкерлерінің қолдауымен жұмыс істеу», HR даму басқармасының бастығы дария Саудабаева «Адам ресурстарын дамыту», ұйымдастыру-құқық жұмыстары басқармасының бастығы Азамат Алтаев «ЖОО-ның КеАҚ-ға өтудегі ерекшеліктері» тағы да басқа тақырыптарда баяндамалар оқып, тәжірибелерімен бөлісті.
Одан бөлек «ЖОО-ны басқару», «Академиялық сапа», «Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің дамуы», «Студенттік өмір және студенттік өзін басқару» бағыттарында жанама сессиялар жұмыс атқарды.
 

Делегация Назарбаев білім-ғылым орталығын, университеттің халықарарлық инновациялық орталықтары мен зертханаларын аралады.
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Фото: Мамыржан Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты