Кәсіптік оқыту "білім беру бағдарламасы бойынша XII Республикалық пәндік олимпиада» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2316 Статистика

Кәсіптік оқыту "білім беру бағдарламасы бойынша XII Республикалық пәндік олимпиада»

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің базасында 2020 жылдың 26-27 қарашасында "Кәсіптік оқыту"білім беру бағдарламасы бойынша XII Республикалық пәндік қашықтық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға еліміздің 10 жоғары оқу орнынан 40 студент қатысты.
 

Шараға IT технология, АӨК Автоматтандыру және механикаландыру факультетінің 4 курс студенттері Ілиясбек Нұрлыбек, Асылтай Нұрай, Төлеубай Мөлдір, Қабай Айгүл қатысты.
 

Олар "кәсіптік оқыту әдістемесі", "ауыл шаруашылығы машиналары" және "Сызба геометриясы"пәндері бойынша теориялық және практикалық білімдерін көрсетті. Қатысушылар жоғары жауапкершілік пен белсенділік танытты. Студенттерімізді құттықтаймыз!!! 
 
 

  
                                                                 
Скабаева Г.Н «Кәсіптік оқыту»
кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., қауым.профессор
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты