«Ізгілік елшісі» еріктілер съезі делегаттарының ҚазҰАУ-ға келуі - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1942 Статистика

«Ізгілік елшісі» еріктілер съезі делегаттарының ҚазҰАУ-ға келуі

2020 жылдың 24 ақпанында Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Алматы қаласы әкімдігінің бірлесіп ұйымдастырған, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жариялаған Волонтер жылы аясында «Ізгілік елшісі- Ақселератор добра» атты еріктілер қозғалысыныңың алғашқы республикалық съезі өтті.

Съезден соң оның делегаттары: Республиканың түрлі аймақтарынан келген өкілдер Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің басқарма басшысы Елнар Тоқтабайұлы Игіліковтың бастауымен ҚазҰАУ-дың «Parasat» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «Еріктілер» орталықтарының, сонымен қатар «Sanaly urpaq» клубының, «Адалдық алаңының» қызметімен танысуға және тәжірибе алмасуға келді.
 

«Parasat» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру орталығының директоры Бақытжан Жүрсінұлы Қуандықов: «Съезге арқау болған жаңа бағыттың- заңгерлер көмегін көрсету бойынша еріктіліктің халық арасында үлкен сұранысқа ие болатындығын және ол бағытпен орталықтың құрамдас бөлімі болып табылатын Заң клиникасының  белсенді жастары- «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері еріктілер ретінде айласатындығын» атап өтті.

Тәжірибе алмасу барысында ҚазҰАУ-дың орталықтары мен клубында парасаттылық пен ізгілік қасиеттерін өскелен ұрпақ бойына дарытуға бағытталған видео роликтер мен мультфильмдер көрсетілді.
 
 
ҚазҰАУ-дың «PARASAT» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
 мәдениетті қалыптастыру орталығы ,
«Sanaly urpaq» клубы және «Еріктілер» орталығы
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты