«Инженерлік» факультетіндегі әдеби кеш - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #73 Статистика

«Инженерлік» факультетіндегі әдеби кеш

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде студент-жастардың қажетті кәсіптік мамандығын меңгерумен қатар, олардың рухани жағынан да жан-жақты болып шығуларына жақсы жағдай жасалып келе жатқаны оның күнделікті тыныс-тірлігінен айқын аңғарылады. Бұл бағытта университет ауқымындағы студенттердің мәдениеттен, өнерден, әдебиеттен де жетік болып жатқандары олардың кемелді кемелді келешектерінің жарқын екенін көрсетеді. Сондықтан да олардың қоғамымыздағы сан-саладағы белгілі лауазым иелерімен және ақын-жазушылармен кездесуі жиі өтіп тұрады.

фото
Бұдан бұрын ректорат ұйғарымымен Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, елімізге танымал журналист, аудармашы әрі ақын Алмат Исәділмен университеттің «Технология және биоресурстар», «Ветеринария», «Орман, жер ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы» факультеттерінде «Ұлт руханиятын көтерудегі білімді жастардың рөлі» деген тақырыпта кеңінен кездесулер болып өткен еді. Бұл жолғы кездесу «Инжинерлік» факультетінде болып өтті.

фото
Күн тәртібінде тұрған бұл кездесуге факултеттің оқытушы-профессорлары мен студенттері ұйымшылдық белсенділіктерімен қатысты. Кездесуді факультет деканы, техника ғылымдарының кандидаты Нұрлан Кеңесбекұлы Әбділдин кіріспе сөз сөйлеп ашып, факультет өмірі мен Алмат Исәділдің шығармашылық жолына жан-жақты тоқталды. Ақынның бүгінгі күнге дейінгі өмір белестері бейнетаспалық жанды көріністер арқылы таныстырылып отырылды. Ардагер журналист Қанат Тәкебаев та ақын шығармашылығынан ақтарыла сыр толғады.

Сөз кезегі ақынның өзіне тигенде, өлең өлкесіндегі жетістіктері мен ізденістерін байыппен баяндады. Сөз өнеріндегі еңбегінің жемісті екенінде тіліне тиек етті. Содан соң кейінгі жазылған өлеңдерінен сала-салаға бөліп көпшіліктің назарына ұсында. Факультетте өлеңге аңсары ауып жүрген талапкерлер баршылық екен. Олар да жазған өлеңдерін жария етуден тыс қалмады. Талаптары таудай екен. Алмат Исәділ университетегі біраз талапкер ақындарды танытқан «Сезім шуағы» сияқты топтама ақындар жинағына енгізетінін айтты. Қадірлі қонақ студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға мәнді де мазмұнды жауаптар қайырды. Бұл кездесу әсерлі де әдемі өтіп, есте қаларлықтай болды. Ендігі кездесулер қалған екі факультетте өтпек.

фото
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген М.Ботабеков.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты