Ғылымның жас таланты Майра Құсайынова - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2638 Статистика

Ғылымның жас таланты Майра Құсайынова

#30_үздік_жас_ғалым
       
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мемлекет тарапынан жастардың рухани жан-жақты дамуына қолдау көрсету күннен-күнге артып келеді. Оның ішінде жас ғалымдарға ерекше көңіл бөлініп, мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Жас мамандардың ЖООларда ғылыми жетекшілік қызметтерге тағайындалуы соның айғағы. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті АӨК-тің барлық бағытындағы ғылым саласын дамытуға мүмкіндік беретін жас мамандарды толықтай қолдайды.

Мәселен, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, топырақтанушы жас маман – Майра Құсайынова ҚазҰАЗУ-дың Тұрақты егін шаруашылық орталығының басшысы қызметін атқарады. Ол жер бетінің өзгеруін және ауыл шаруашылығында топырақ өңдеуді пайдалануды зерттеу бағытында жұмыс істей отырып, АҚШ пен Германияның халықаралық серіктестерімен бірлесіп, әртүрлі ғылыми конкурстарға бірнеше ғылыми өтінімдер дайындады. Нәтижесінде, қазір «Тhe effects of excessive water use and agricultural intensification on AR Sea shrinkage: socioeconomic-environmental systems (SES) dynamics within the Syr Darya River Basin» тақырыбы бойынша USAID (PEER 9) халықаралық жобасының жетекшісі болып табылады. Ол сондай-ақ ҚР БҒМ тарапынан 2021-2023 жылдарға арналған жас ғалымдар бойынша гранттық қаржыландырудың «Парниктік газдар шығарындыларын төмендету және альбедоны ұлғайту арқылы климаттың өзгеруін жұмсарту үшін Жерді пайдаланудың әртүрлі жүйелерінің тиімділігін бағалау» тақырыбы бойынша Қазақстандық ғылыми жобасының жетекшісі болып табылады.
 

Майраның ауыл шаруашылығының білікті маманы ретінде танылған ғылыми тәжірибесінде: құнарлылықты сақтау, тозу, топырақ эрозиясы, цифрлық картография әлеуетін дамыту және топырақтағы органикалық көміртегі қорлары бойынша сандық топырақ картасын жасау мәселелері жайында көптеген тағылымдамалары бар.

Майра Құсайынова жетекші маман ретінде ҚР БҒМ қаржыландыруы бойынша 4 ғылыми жобаға қатысты. Осы жобалар шеңберінде Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандардағы топырақ эрозиясын кеңістіктік модельдеу мәселелері бойынша зерттеу жүргізіп келеді. Онда ауыл шаруашылығы жерлерінің қазіргі жағдайына нақты баға берілген. Оның ішінде, АДБ қаржыландыратын халықаралық ғылыми жобаның ұлттық сарапшысы/ жауапты орындаушысы (ADB Asian Development Bank) (ta - 9477 KAZ: establishment of the Kazakhstan Knowledge Center on Integrated Water Resources Management (2018), Азия Даму Банкімен, АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігімен, Мичиган штатының университетімен бірлесіп «Ет өндіру тізбегінің өндірістік-технологиялық базасын дамыту үшін ресурстық базаны бағалау» тақырыбы бойынша халықаралық жобаның ғылыми орындаушысы болды.
 


2020 жылдан бастап, NASA-ның халықаралық Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (АҚШ) жобасының «Қазақстан мен Моңғолиядағы энергияның, судың және тамақ өнімдерінің өзара тәуелді динамикасы» (FEWKazMG) және «Тау-кен жұмыстары нәтижесінде шаң шығарындыларын азайтудың балама тәсілдері:» NarXOZ (2020) «Фитозахват тұжырымдамасымен ластанған шаңды ұстау үшін табиғатты пайдалану мүмкіндіктерінің техникалық-экономикалық негіздемесі» бағыты бойынша ғылыми орындаушы болып табылады.

Тәуелсіздік алғалы бері мемлекет тарапынан ғылым саласын қолдау жүйелі түрде өсті және отандық ғалымдардың мүмкіндіктерін кеңейтуге жұмыстар атқарылып келеді. Осындай оң саясаттың арқасында жыл сайын ҚазҰАЗУ қабырғасынан өсіп шыққан жас ғалымдардың саны артып келеді және олар еліміздің экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып жүр.


ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі.
Фото: М.Ботабеков.

 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты