Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1296 Статистика

Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру

2018 жылдың 12 желтоқсанында Ветеринариялық санитария саласын коммерцияландыру мақсатында «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасында дөңгелек үстел өтті. Оған Рысқұлов ауданының ветеринариялық қызметінің өкілі, Жамбыл облысының "Құлан-малдәрігер" КМК директоры С. Б. Далибаев пен ҚазҰАУ тарапынан "Бизнес-жобаларды коммерцияландыру" бөлімінің бастығы Темірбек Сауле Қаюмқызы, «Ветеринариялық санитарлық сараптау және гигиена» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
 
Қауымдастырылған профессор Б. Б. Бараховтың презентация таныстырылымы

Кездесу барысында қауымдастырылған профессор К.М.Ромашев қонақтарды кафедра тарихымен, ғылыми-тәжірибелік жұмыс жоспарымен таныстырды, сондай – ақ «Құлан» ауыл шаруашылық колледжінің ветеринариялық пәндерінің оқытушысы Көпбаева Айсулу Турсыналиқызы және Жахимуратов Пердебай Абдираманұлы біздің кафедра базасында "Ветеринариялық-санитариялық сараптаманы зерттеудің заманауи әдістері" білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігін атап өтті. 
Қонақтар кафедраның «Ветқадағалау нысандарының гигиенасы және санитариясы » ғылыми-оқу зертханасымен танысты.
 
"Құлан-малдәрігер" КМК директоры С. Б. Далибаев в. ғ. к., қауымдастырылған профессорлар К. М. Ромашев
және Б. Б. Бараховпен коммерцияландыру жобасының мәселелерін талқылауда.

 
Дөңгелек үстелді өткізу нәтижесінде ғылымның өндіріспен тығыз байланысы болу керектігі қорытындыланды.
Болашақта Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданының ветеринариялық қызметі, "Құлан-малдәрігер" КМК директоры С. Б. Далибаевтың басшылығымен және «Ветеринариялық-санитариялық сараптама және гигиена» кафедрасы ғалымдарымен ғылыми зерттемелерді енгізу және ҚазҰАУ базасында біліктілікті жоғарылату курстарынан өту туралы келісім-шарт жасаумен семинарлар өткізілетін болады.
 
Орындағандар:
Ромашев К.М
Губайдуллина М.Б.
Харесова А.М.
Айдарбекова А.Б
Абжалиева А.Б.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты