ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ БАЙЛАНЫСЫ АРТУДА - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2619 Статистика

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ БАЙЛАНЫСЫ АРТУДА

Бүгінде ғылыми-техникалық дамудың нәтижесінде ғылымның өндіріске тигізер ықпалы артып келеді. ҚазҰАЗУ ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметі көбінесе практикалық қолдануға бағытталған.
Орман ғылыми-инновациялық институты 2021 жылы 20 мамырда Алматы қаласы әкімдігінің жасыл экономика басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік кәсіпорнымен «Баум тоғайын күтіп ұстау мен реконструкциялау бойынша шараларды әзірлеу, тәжірибе алаңын құру мониторингі мен жасыл алқаптарының есебін жүргізу» тақырыбында қызмет көрсету туралы келісімге қол қойды.

Бұл жұмыстарды орындауға «Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедрасының оқытушылары, студенттері мен магистранттары қатысуда.
 


«Баум тоғайы» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи ескерткіш (бұдан әрі – тоғай) Алматы қаласының солтүстік бөлігінде Түрксіб ауданында орналасқан. Ол теміржол бойына жақын және оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр. Тоғайдың аумағы – 137,0 га.

Тоғай XIX ғасырдың 80-ші жылдары орманшы ғалым Э.Баумның ұсынысы бойынша тұрғындардың демалатын орны ретінде құрылды.

Бүгінде бұл ерекше қорғалатын бірегей нысан апатты жағдайда тұр. Үлкен Алматы каналының (БАК) құрылысына байланысты, көп жылдар бойы тоғайды суаруға арналған жалғыз суғару жүйесі бұзылды. Жер асты суларының деңгейі өзгерді, ал жауын-шашын өсімдіктердің қалыпты тіршілігі үшін жеткіліксіз. Ормандарды қорғаудың жұмыс жасайтын жақсы жүйесінің жоқтығынан және плантацияларды зиянкестер мен аурулардан уақтылы емдегендіктен, ағаштар мен бұталар күйзеліске ұшырап, кеуіп, семіп қалады. Зиянкестер (қабық қоңыздары) пайда болып және олардың көптеп таралуы бірегей ескерткішті құрып кету жағдайына алып келді.

 

Ағаштардың табиғи қартаю (150 жыл) үрдісін және жоғары сапалы ағаш өңдеу жұмыстарының болмауын ескере отырып, осы себептердің жиынтығы екпелердің біртіндеп жойылуын тудырады, бұл бірегей табиғи объектінің қайтымсыз жоғалуына әкелуі мүмкін.

Бүгін мұнда Орман ғылыми-инновациялық институтының жетекшілігімен қайта қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Болашақта тоғай өзінің табиғи қалпына оралып, тұрғындарды қуантатын болады.

Жұмыстың бірінші кезеңінің орындалғаны туралы есеп Алматы қаласы әкімшілігіне өткізілді.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты