ЕКІ ЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #2712 Статистика

ЕКІ ЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2021 жылғы 29 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне Корея Республикасының арнайы делегациясы келіп, агроөнеркәсіптегі ынтымақтастықты одан ары дамыту мәселелрі талқыланды.

Кездесуге Корея Республикасының азық-түлік, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы саясаты департаментінің директоры Ким Джон Ку, Корея Республикасы Азық-түлік, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы саясаты департаменті директорының орынбасары Парк Чан Ву, Корея Республикасы агротехнологияларды коммерцияландыру және енгізу қорының Вице-президенті Ким Бен Ун, Корея Республикасы агротехнологияларды коммерцияландыру және енгізу қорының жобалары жөніндегі топтың жетекшісі Ким Жин Хин, EPIS үйлестіру жөніндегі менеджері Сун Жу Хва, Корея Республикасы агротехнологияларды коммерцияландыру және енгізу Қорының маманы Ким Жон Хин, Корея Республикасы агротехнологияларды коммерцияландыру және енгізу Қорының маманы Парк Джиюн, Доф компаниясының өкілі Хонг Сонджо, Варэвон Парк Енгсу компаниясының өкілі, "Хендэ" экономика ғылыми-зерттеу институтының өкілі Ким Сехи, Нарэ компаниясының өкілі Ким Вон Тэ, ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов, ҚазҰАЗУ Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Есенбай Исламов пен ҚазҰАЗУ қызметкерлері мен ғалымдары қатысты.
 


Кездесу барысында 28 қазанында салтанатты ашылуы өткен оқу орнымыздың «Агроуниверситет» оқу тәжірибелік шаруашылығы базасындағы «Ақылды жылыжайды» ары қарай оқу-тәжірибелік шаруашылықта және университеттіміздің білім алушыларына көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын практикада игеру бойынша бірлесе атқарылатын мәселелер талқыланды. Корея Республикасының азық-түлік, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы саясаты департаментінің директоры Ким Джон Ку ҚазҰАЗУ студенттері үшін қолдан келген барлық көмекті жасауға әзір екендігін, сондай-ақ бұл екі елдің агрошаруашылық саласындағы және ынтымақтастығы үшін маңызды екендігін атап өтті.

Өз кезегінде ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов еліміздегі ғажайып «Ақылды жылыжайдың» агроөнеркәсіпке білікті маман кадрларды дайындауға алдағы уақытта зор үлес қосатынын және кореялық әріптестермен  тәжірибелер алмасуда маңызды буын болатынына сенім білдірді.
 


Сондай-ақ, қонақтар Вагенинген институты, Өсімдіктердің микроканалды көбею зертханасы, Агротехникалық және Су Хабтарында, Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық және Қазақ-Жапон Азық-түлік технологиялары орталықтарында, Сүт және сүт өнімдерінің референттік зертханасында, "ҰАҒББО" ҒЗИ-мен интеграциялау шеңберінде аграрлық ғылым жетістіктерінің тұрақты жұмыс істейтін көрмесінде болып, соңғы жылдардағы ғылыми ізденістердің жетістіктерімен танысты.
Кездесу соңында кореялық әріптестер университет ұжымының жұмысының жемісті болуына сәттілік тілеп, арнайы ескерткіш сыйлықтарын табыс етті. Өз кезегенде қонақтарға да біздің университетте жарық көрген «Казахстанская модель исследовательского университета», «Елбасы жолымен» кітаптары сыйға тартылды.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты