«Дұрыс тамақтану күні» атап өтілді - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #1123 Статистика

«Дұрыс тамақтану күні» атап өтілді

      Студенттердің денсаулығының мығым, дене және ой қабілетінің жақсы дамуы, еңбек ету мен сабақ үлгерімінің артуы, олардың тиімді тамақтануына тікелей байланысты. Тиімсіз тамақтанудың кесірі, организмде зат алмасу бұзылып, олардың қоршаған ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Осыған орай 31. 10. 2018 жұлдызы Университетіміздің «Технология және биоресурстар» факультетінің №118 аудиториясында «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қозықан Сабираның ұйымдастыруымен 5В072700-«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы 104, 105, 106, 107, 108 топтары арасында «Дүниежүзілік азық-түлік және дұрыс тамақтану» күніне арналған «Тиімді тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында білім сайысы өтті.
 
photo   photo

Бұл сайыстың басты мақсаты: өздері оқитын «Тамақтанудың ғылыми негізі» пәніне деген қызығушықтарын арттыру, сол арқылы білімдерін жүйелеу және тереңдету болып табылады.
Сайыстың міндеті: студенттердің тағам өнімдерінің құрамындағы тағамдық заттардың организмде атқаратын қызметі мен тәуліктік қажеттілігі, тиімді тамақтану қағидалары мен жас ерекшелігі туралы білімдерін нығайту және терминдерді орынды қолдана білуді үйрету.
Аталған шара 5 топ арасында интеллектуалды сайыс түрінде өтті. Командалар алдымен өздерімен таныстырудан бастап, арықарай білім сайысы, кроссворд шешу, көшбасшылар сайысы, дәрумендер айтысы қатарлы 5 кезеңнен тұратын әртүрлі ғылыми мазмұндар мен логикалық ойлау қабілетін арттыратын сұрақтарға жауап іздеді.
 
photo   photo

Сайыс өте тартысты түрде өткілді, әр команда сайыскерлері өздерінің біліктілігін танытты. Кафедрамыздың қауымдастырылған профессоры Есжанова П. Р., профессор Тимурбекова А. Қ. және аға оқытушы Алмаганбетова А. Т. қатарлы мүшелерден құралған әділқазылардың әділ бағасымен: І орынға 107 тобының «Жас технологтар» тобы, ІІ орынға 105 «Дәрумендер» мен 106 «Апорт» тобы, ІІІ орынға 104 «Протеиндер» және 108 «КазНАУ жастары» топтары жүлделі орындарға ие болды.
Факультетіміздің студенттері ісшараға деген қызығушылытары мен белсенділіктерін танытты. Осы білім сайыс нәтижесінде студенттердің тиімді тамақтануға деген көзқарасы мен ұстанымдары артты деген үміттеміз.


Дайындаған:
Қозықан С.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты