Дрезден университеті біздің әріптесіміз - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #272 Статистика

Дрезден университеті біздің әріптесіміз

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Дрезден технологиялар университетінің профессоры Маттиас Крамер мен ЮНЕСКО өкілі  Вефа Мустафаев жұмыс сапарымен келді. Құрметті қонақтарды ҚазҰАУ ректоры академик Тілектес Есполов қарсы алды.
Дрезден техникалық университеті - Дрезден мен Саксонияның ірі жоғары оқу орындарының бірі. Дрезден техникалық университеті – студенттерінің саны жөнінен Германияның техникалық жоғары оқу орындары арасында алдыңғы орында тұр.Онда шамамен 37 000 студент оқиды және 8000 астам қызметкер жұмыс істейді.
Дрезден Жоғары техникалық мектебі екі жүзден астам жыл бойы түрлі атаулармен аталып келді, және Дрезден техникалық университеті деген қазіргі заманғы атауын 1961 жылы алды. Бұл Германиядағы көне техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Дрезден Техникалық университеті Германиядағы «ТУ9» ірі техникалық жоғары оқу орындарының одағына кіреді. Сондай-ақ, университет елдегі мықты ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі болып саналады. Сондай-ақ TUD – VW автомобиль концерні мен AMD компаниясымен ынтымақтастықта, студенттер жыл сайын тәжірибеден өтіп, оқи алады, сонымен қатар осы салаларда одан әрі жұмыс істеуіне де болады.
Профессор  Маттиас Крамердің айтуынша су тазарту және су тиімділігін арттыру бойынша технологиялары саласындағы неміс тәжірибесі 150-ден астам жылды құрайды.  Неміс технологиясының басты артықшылығы суды пайдалану саласындағы белсенді пәнаралық зерттеулер және ғылыми-зерттеу институттары мен өнеркәсіп арасындағы тығыз байланыс болып табылады. 
Кездесу барысында қонақтар университет жанындағы Қазақ-Жапон, Қазақстан-Корея инновациялық орталықтары мен Су орталығының жұмыстарымен танысты. Оқу орнының ғылыми инфрақұрылымымен танысқан Маттиас Крамер университеттің  жоғары жетістіктері мен ғылымдағы зор әлеуетіне тоқталып өтті.
Крамер мырза бұл кездесудің ауыл шаруашылығы және су ресурстарын саласындағы Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол  ашатынына сенім білдірді. 
Тараптар ҚазҰАУ базасы негізінде «Неміс және қазақстандық су секторында арасындағы ынтымақтастық және кәсіпкерлікті дамыту әлеуеті» тақырыбында халықаралық конференция өткізуге келісті.
ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов өз кезегінде Қазақстан мен Германия арасында болашақта одан әрі ауыл шаруашылығы су секторы саласы үшін мамандарды дайындауда екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға  үміт білдірді.





ҚазҰАУ Баспасөз қызметі, Суреттерді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты