«Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Новость #719 Статистика

«Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы»

Инженерлік факультетінің «Энергия үнемдеу және автоматика» кафедрасында студенттерге адамгершілік-рухани және эстетикалық тәрбие беру мақсатында көптеген басқосулар ұйымдастырылады. 24 қарашада дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану, діни мәселелері бойынша алдын алу және кеңес беру барысында «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға «Нұр-Мүбарак» медресесінің оқытушысы Мустафин Қанат арнайы шақырылды. 
Студенттер діни экстремизм мен бейтаныс діни ағымдардың жастар арасында таралу жолдарымен таныстырылды. Іс-шараның жүргізілу барысында экстремизмге қарсы әрекеттердің негізгі аспекттері белгіленді.

photo
photo
photo
Діни экстремизм тақырыбы қазіргі таңда өзекті мәселе. Дін жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі болып табылады. Қазақстан халқы, әсіресе жастар жағы діни ағымдардың кері тұстарымен жете танысуы керек.
Кездесу мазмұнды өтті. Жастар жағы белсенділік танытып, осындай іс-шаралардың жиі өткізіліп тұруына ұсыныс жасады.
 
Г. Исмаилова,
«Энергия үнемдеу және автоматика»
кафедрасының қызметкері.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты